Жаңа Конституция жобасында «жыл сайынғы еңбек демалысы» термині арнайы көрсетілмегенімен, қызметкердің демалыс құқығы толық қорғалған. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалогта Қазақстан Халық партиясының мүшесі Асылбек Нұралин түсіндіріп берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұралиннің айтуынша, демалысқа қатысты нақты ережелер – демалыс мерзімі, ақы төлеу тәртібі – Конституция деңгейінде емес, Еңбек кодексінде бекітілген. Бұл әдіс еңбек қатынастарын икемді әрі тиімді реттеуге, қызметкерлердің демалу құқығын Конституция мен заң деңгейінде бірдей қорғауға мүмкіндік береді. «Жаңа Конституция еңбек құндылығын жоғары әлеуметтік құндылық ретінде бекітеді. Адамның еңбек ету құқығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан қызметкерлердің лайықты еңбек пен оған сай демалыс алуға деген құқықтары толық қорғалады»,…
Автор: Назым Болатхан
Жаңа Конституцияның басты құндылығы адам және оның өмірі, құқығы мен еркіндігі. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі мақсаты мемлекет азамат үшін қызмет ететін, адам игілігіне бағытталған құрылымға айналу. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов партияаралық дебат кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мемлекет тек халыққа қызмет еткенде ғана шынайы құндылыққа ие болады. Конституция абстрактылы ұғымдарды емес, нақты адамды, оның өмірін, отбасылық қауіпсіздігін, еңбек ету және ертеңгі күнге деген сенім құқығын қорғауы тиіс», – деді депутат. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының бірінші бабында Қазақстанның ең жоғарғы құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені нақты жазылған. «Бұл еңбек адамының қадірі артатынын, оның…
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың саяси көзқарасына байланысты құқықтарын шектеуге тікелей тыйым салынады. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалог барысында Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция жобасында адамның саяси сенімі, пікірі немесе қоғамдық-саяси өмірге қатысқаны үшін құқығын еркінен тыс шектеуге нақты тыйым салынады. «Мемлекет азаматты саяси көзқарасы үшін жұмыстан босата алмайды. Қоғамдық белсенділігін шектей алмайды немесе қандай да бір қолайсыз жағдай жасауға құқы жоқ. Мұндай шектеулер тек қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті немесе өзге адамдардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында, заң бұзылған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін», – деді депутат. Магеррамов бұл норманың азаматтардың саяси құқықтарын қорғауды күшейтіп,…
Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Талқылау Qazaqstan телеарнасының әлеуметтік желілерінде және «Хабар» телеарнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айдос Сарым Конституция жобасындағы 3-баптың маңызын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл бап мемлекет саясатының негізгі бағдарын айқындайтын қағидаларды алғаш рет конституциялық деңгейде бекітеді. «Жаңа Конституцияның 3-бабы – жай ғана декларация емес, барлық мемлекеттік органдардың заңдары мен шешімдері бағынатын құқықтық бағдар. Бұл бапта егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқықтарын, білім мен ғылымды басым бағыт ету сияқты іргелі принциптер бекітілген», – деді депутат. Жалпы, Конституция жобасы Қазақстанның тарихи…
Жаңа Конституцияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлердің бизнесін және жеке меншігін қорғауға толық міндетті болады. Бұл туралы Астанада өткен «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалогта «Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еспаеваның айтуынша, жаңа конституциялық норма кәсіпкердің бизнесі, өндірген өнімі мен салған инвестициясын толық заңдық қорғауға кепілдік береді. «Мысалы, салық органдары кәсіпкердің шотын негізсіз бұғаттаса, ол сот арқылы шотты аштырып қана қоймай, мемлекеттен келтірілген шығынды өндіріп алуға құқылы болады», – деді ол. Депутат бұл өзгерістердің үш негізгі құндылыққа – қорғауға, сенімге және әділеттілікке негізделгенін атап өтті. Конституциядағы бұл нормалар кәсіпкерлік саласына сенімділік пен тұрақтылық әкеледі, деді ол.…
Күнтізбеде көктем таяса да, Қазақстанда қыс әлі де қаһарын төгіп тұр. «Қазгидромет» 28 ақпан күні елдің бірден 11 облысында және Алматы мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Абай, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ауа райы күрт нашарлап, қарлы боран соғып, көктайғақ болып, кей жерлерде қалың тұман түседі. Жел екпіні 15-25 м/с дейін жетеді. Шығыс және орталық өңірлерде қар түнде күшейе түседі. Жетісудың таулы аймақтарында қатты қар жауып, көктайғақ пен боран жол қозғалысын қиындатады. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, таулы өңірлерде тіпті 25 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде…
Қазақстан арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға транзитпен өтетін ресейлік малдан аусыл белгілері байқалған. Бұл туралы «БҚО ветеринар дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор Ғайса Әбсәтіров мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғалымның айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанның ветеринарлық бақылау қызметі Ресейден Өзбекстан мен Қырғызстанға жіберілетін транзиттік мал көліктерін тексерген кезде, бірнеше мәрте малдан аусылдың клиникалық белгісін анықтаған. Атап айтқанда, ауыз қуысында жара пайда болып, малдың сілекейі шұбырып тұрғаны байқалған. «Ресей тарапы Солтүстік Кавказ федералдық округінде, Қалмақ Республикасында, Астрахан облысында, Алтай өлкесі мен Алтай Республикасында, сондай-ақ Бурятия Республикасы мен Новосібір облысында пастереллез дерті тарады деп ресми мәлімдеген. Тіпті, кей өңірлерде малдың жаппай қырылып жатқаны туралы деректер…
Әзербайжан Қазақстан мұнайының Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы транзит көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін жеткізуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, қазір қолданыстағы келісім бойынша Қазақстан жыл сайын аталған құбырмен шамамен 1,2 млн тонна мұнай жөнелтеді. Әзербайжан тарапы транзит көлемін екі есеге жуық арттыруға әзір екенін жеткізген. «Әзербайжандық әріптестеріміз Қазақстаннан сатып алатын мұнай көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін көбейтуге дайын екенін нақты айтты», – деді Ақкенженов. Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры – Каспий өңірі елдерінің әлемдік нарыққа тәуелсіз жолмен шығуын қамтамасыз ететін басты дәліздердің бірі. Оның ұзындығы 1768 шақырым, Әзербайжан астанасы Бакуден…
Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты еліміздің Сыртқы істері отандастарымызға Тегеранға баруды уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ирандағы жағдайың тұрақсыздығына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған елге сапарын кейінге қалдыруға кеңес береміз. Қазір Иран аумағында жүрген азаматтарымыздан елден шығып кетуді, сақтық шараларын қатаң ұстанып, жергілікті биліктің нұсқаулықтарына мұқият болуды сұраймыз», – делінген министрліктің ресми хабарламасында. Сонымен қатар СІМ өкілдері қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлауда барынша мұқият болуға шақырып, жағдайдың кез келген уақытта күрт нашарлап кетуі мүмкін екенін ескертті. Иранда не болып жатыр? Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық өкілдіктері қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ведомство Ирандағы Қазақстан азаматтары мен олардың елдегі туыстарына жедел…
Думан Еркімбек режиссерлік еткен «Ғашықпын саған» фильмі осыған дейінгі махаббат туралы туындылардың шаблонын бұзып, көрермен жүрегін жаулауда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фильм желісі Алматыға оқуға келіп, бірақ қиындыққа тап болған Еңлік есімді студент қыздың тағдыры туралы. Жатақханадан қуылып, көк тиынсыз қалған қызға күтпеген жерден тәтті мақта сататын, музыкант жігіт Арман көмекке келеді. Арманның Алматыға деген шынайы сүйіспеншілігі мен Еңлікке деген іңкәрлігі көрерменді бірден баурайды. Фильмнің көп бөлігі баяу өтіп жатқанымен, үшінші актідегі күтпеген бұрылыс көрерменнің жүрегін сыздатады. Басты рөлдерді сомдаған Жасұлан Көпберген мен Шұғыла Ешен бұған дейін де Еркімбектің Qaitadan фильмінде ойнаған. Олардың экрандағы химиясы соншалықты әсерлі, кейіпкерлерге ғашық болмай қалу…










