Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

Астана ауа райы

Қазақстанда 10 сәуір күні өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыс аймақтарда жауын-шашын түсіп, ауа салқындаса, оңтүстікте күн жылы әрі ашық болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік өңірлерде ауа райы айтарлықтай суытады. Петропавлда түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі, күндіз ауа температурасы +6…+8 °C шамасында сақталады. Қостанай мен Көкшетауда күн жаңбырлы болып, ауа +6…+10 °C-қа дейін ғана жылынады. Астанада да жауын-шашын болады, күндізгі температура +7…+9 °C аралығында болмақ. Орталық аймақтарда ауа райы күрт құбылады. Қарағандыда күн жаңбырлы болып, температура +10…+12 °C аралығында сақталады. Ал Жезқазғанда күн ашық, температура +19…+21 °C-қа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстанда Өскемен мен Семейде…

Толық оқу
бағаны бақылау

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеріп, заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлерден 56 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауда және интеграция министрлігі тексеріс барысында көптеген кәсіпкердің заңда белгіленген 15 пайыздық үстемеден асырып, бағаны қымбаттатып жібергенін анықтады. Баға көтеруден бөлек, бір тауарға әртүрлі баға белгілеу, бағаларды жазбау және бұрынғы заң бұзушылықтарды қайталау фактілері де тіркелді. Сонымен қатар кей кәсіпкерлер тексеру жүргізген мемлекеттік органдардың қызметіне кедергі келтіріп, ескертулерді елемей отыр. Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған кәсіпкерлердің саны 1400-ден асқан. Ведомство бақылауды күшейткенімен, жағдай әлі толық реттелмеген. Аймақтарда өндірушіден дүкен сөресіне дейінгі барлық…

Толық оқу
Алматы

Алматы алдағы бес жылда бұрын-соңды болмаған көлік жаңғыруының кезеңіне қадам басқалы тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала билігі 2026–2030 жылдарға арналған ауқымды жоспарды бекітіп, жаңа көшелерді ұзарту, метро желісін кеңейту, LRT іске қосу және SkyTrain жүйесін салу бағытын айқындады. Жоба ауқымы тек қозғалыс жүйесін емес, қаланың кеңістік құрылымын да өзгертетін түрі бар. Жоспарға сай, алдағы жылдары Алматыда 12 көше пробивкасы мен ұзарту жұмысы жүреді. Негізгі өзгеріс Абылай хан емес, көлік өзегіне айналған күре желілерге түседі. Атап айтқанда, Абай, Райымбек, Рысқұлов даңғылдары, Саин, Төле би, Тілендиев және өзге де бағыттар кеңейтіледі не қала шетіне дейін созылады. Соның ішінде Абай даңғылы Қалқаман жақтан…

Толық оқу
әділетхан молдахан

Алматыда блогер әрі құқық қорғаушы Әділетхан Молдахан тергеу аяқталғанша екі ай қамауда отыратын болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, ол «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікпен ұсталған. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында екі ай мерзімге күзетпен ұстау шарасына санкция берілді. Қазір істің барлық мән-жайын толық және объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство. Бұған дейін Молдахан Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апаты туралы әлеуметтік желілерде бірқатар резонансты жазба жариялаған еді. Осыдан кейін оны полицияға тергеуге шақырып, кейін ұстап, сот 10 тәулікке қамауға алған болатын. Еске салсақ, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында…

Толық оқу
электр энергиясы

Қазақстанда екінші тоқсанның соңына қарай электр энергиясының тарифтері өсуі ықтимал. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет брифингінде осындай болжам айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Есімхановтың айтуынша, энергетика министрлігіне тарифті қайта қарау туралы компаниялардан өтініштер келіп түсуде. Оған себеп саладағы шығындардың артуы. «Электр энергиясын өндіру тарифін министрлік реттейді. Былтыр да, биыл да тарифті көтеру бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Бұл белгілі бір шығындардың өсуімен байланысты», – деді ол. Вице-министр тарифтің ықтимал қымбаттауына бірнеше фактор әсер етіп отырғанын жеткізді: газ бағасының өсуі (қазіргі тарифте әлі толық есептелмеген); жылу электр орталықтары үшін судың екі есеге дейін қымбаттауы; сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажеттілігі. Дегенмен… Есімханов компаниялардың барлық…

Толық оқу
шетел валютасына сұраныс

Алматының валюта айырбастау орындарында 7 сәуірде доллар бағамы 460 теңгеден төмен түсті. Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, түстен кейінгі биржалық курс 460,4 теңге деңгейінде тіркелді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаладағы айырбас орындарында долларды сатып алу бағамының ең төменгі көрсеткіші – 454 теңге, ең жоғарысы – 461,5 теңге. Ал доллар сату бағамы – 459,5-тен 463,9 теңгеге дейін аралықта. Айырбас пункттерінің кейбірі түскі саудада қалыптасқан биржалық бағамнан (460,8 теңге) сәл тиімдірек бағам ұсынуда. Күн ішінде доллар бағамының ең төменгі шегі 458,65 теңгеге дейін түсті. Еуро бағамы айырбас пункттерінде 533-540 теңге аралығында болса, соңғы апталарда Ресейде доллардан басымдықпен нығайып жатқан рубль 5,85-6,3 теңге аралығында сатылып…

Толық оқу
педагог құқығын қорғау

Қазақстандағы мұғалімдердің жалақысы номиналды түрде өскенімен, шынайы табысы жылдан-жылға азайып барады. Инфляцияның қарқыны білім саласындағы еңбекақы өсімін толық жұтып қойған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы орташа айлық номиналды жалақы 6,8%-ға артып, 322,7 мың теңгеге жеткен. Бірақ инфляция деңгейін ескергенде, педагогтардың нақты табысы керісінше 4,1%-ға төмендеп кеткен. Сарапшылардың айтуынша, білім беру қызметкерлерінің нақты табысы 2023 жылдан бері тұрақты түрде азайып келеді. Бұған дейінгі жылдары төмендеу қарқыны баяу болса, 2025 жылы көрсеткіштер күрт нашарлаған. Жалпы экономиканың өзінде де нақты жалақының азаю үрдісі байқалады. Дегенмен білім беру саласындағы жағдай әлдеқайда нашар болып шыққан.…

Толық оқу
зейнетақы 2026

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. 2026 жылдың наурызынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін төлемдерді проактивті түрде, яғни азаматтардың өтінішінсіз автоматты түрде рәсімдей бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өзгеріске сәйкес, зейнет жасына толған азаматтарға ерікті жарналардан жинақталған қаржыны алу үшін бұрынғыдай қосымша өтініш беру қажет емес. Енді ол негізгі зейнетақымен қатар автоматты түрде аударылады. Жаңа тәртіп мына жағдайларда қолданылады: Мемлекеттік зейнетақы тағайындалған кезде; Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлем тағайындау барысында; Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша төлемдер рәсімделген жағдайда. Яғни азаматтың негізгі зейнетақысы рәсімделген кезде оның ерікті зейнетақы жинағы да бірден автоматты түрде есепке алынып,…

Толық оқу
Бас прокуратура

Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратудан сақ болуға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның ресми өкілі Саян Әбденов соңғы кезде ақпараттың басты көзі әлеуметтік желілер болғанын атап өтті. Оның айтуынша, ақпараттың жылдам таралуымен қатар, жауапкершілік те еселеп артқан. «Бүгінде қоғам үшін ең үлкен қауіптің бірі цифрлық ортада тарайтын жалған ақпараттар. Кейбір азаматтар мәселенің байыбына бармастан, тек назар аудару үшін немесе «хайп» қуып, тексерілмеген, кейде тіпті өтірік мәліметтерді таратады. Мұндай әрекеттер қоғамның тыныштығына қауіп төндіріп, азаматтардың жеке және іскерлік беделіне зиян келтіреді, мемлекеттік институттардың жұмысына кері әсер етеді», – деді Әбденов. Оның айтуынша, цифрлық ортада толық анонимділік деген түсінік…

Толық оқу
коммуналдық төлем

Қазақстанда коммуналдық тариф төңірегіндегі қысым қайта күшейе бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 1 сәуірге дейін күшінде болған мораторий аяқталысымен, табиғи монополия субъектілері бағаны өсіруге өтінім бере бастаған. Енді уәкілетті орган сол сұраныстарды 30 күннен 90 күнге дейін қарап, әр өңір бойынша жеке шешім қабылдайды. Яғни алдағы кезеңде ел бойынша бірыңғай өсім емес, аймақ-аймаққа бөлінген әртүрлі тариф көрінісі қалыптасуы ықтимал. Мұны Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев «24KZ» телеарнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, мораторий біткен соң табиғи монополия субъектілері біртіндеп жаңа өтінім жолдай бастаған. Алайда өтінім берілді екен деп, соның бәрі бірден мақұлдана салмайды. Нұрлан Болатбаев…

Толық оқу