Қазақстанда күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек көрінетін әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар қарастырылған. Түнде шулау, қоқыс лақтыру немесе үй жануарларын дұрыс ұстамау сияқты қарапайым ережелерді елемеу қалтаңызға ауыр тиюі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Полиция, өрт сөндірушілер немесе жедел жәрдемді себепсіз шақырған адамға ең ауыр жаза белгіленген. Мұндай әрекет үшін айыппұл 60 АЕК (259 500 теңге). ІІМ өкілдерінің айтуынша, жалған шақырулар құтқару қызметтерінің жұмысын қиындатып, шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Қоқыс пен тазалық ережесін бұзу: подъезден аулаға дейін Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық қоғамдық орындарды ластау: подъезд пен аулаларға қоқыс тастау; белгіленбеген жерлерге қалдықтарды қалдыру; көпшілік пайдаланатын орындарды ластау. Осындай…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда зейнетақы төлемі тағайындалғаннан кейін зейнеткер куәлігін қашан алуға болатыны түсіндірілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Азаматтарға тиісті мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген. Түсіндіруге зейнет жасына шыққан тұрғынның сауалы түрткі болған. Ол зейнетақысын рәсімдеп, алғашқы төлемін алып үлгергенімен, зейнеткер куәлігін нақты қай кезде барып алуға болатынын білмеген. Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, куәлік өтініш тапсырған бойда берілмейді. Құжат зейнетақы тағайындау рәсімі толық аяқталғаннан кейін ғана дайын болады. Негізгі белгі зейнетақы төлемі тағайындалғаны туралы SMS-хабарлама. Дәл сол хабарлама келгеннен кейін азамат бұрын өтініш тапсырған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, зейнеткер куәлігін ала алады. Құжат басқа жерден емес, дәл сол өтініш берілген ХҚКО-да табысталады.…
Қазақстанда мемлекеттік грантпен оқыған түлектер оқуды аяқтаған соң міндетті еңбекпен өтеу талабын орындауы тиіс. Егер жас маман келісімшартта көрсетілген ережелерді сақтамаса, мемлекет оның оқуына кеткен қаражатты қайтаруды талап етеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Міндетті еңбекпен өтеу кімге және қалай қолданылады? Қазіргі тәртіп бойынша мемлекеттік грантпен білім алған бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері мамандығына сай мекемеде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. Қай жерде және қалай жұмыс істейді? Түлектер өз мамандығы мен дайындығына сәйкес ұйымдарда жұмыс істейді. Мемлекеттік мекемелермен қатар, жеке компанияларда да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Арнайы категорияларға жататын педагог, дәрігер және ауыл шаруашылығы мамандары өз саласы бойынша жұмысқа орналасуы тиіс. Өтеу…
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем мен банк қызметіне қатысты жаңа талап күшіне енбек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банк бекіткен өзгерістер банктердің ақша өндіру құзыретін кеңейтіп, азаматтардың қаржы операциясына қойылатын бақылауды күшейтеді. Жаңа тәртіпке сай, банк кей жағдайда клиенттің рұқсатын күтпей-ақ шоттан ақша есептен шығара алады. Әңгіме заңда нақты көрсетілген негіздер жайында болып отыр. Оған сот шешімі, салық органының қаулысы немесе атқарушылық өндіріс аясындағы талап кіреді. Осындай жағдайда қаражат міндетті түрде өндіріліп алынады. Нені білу керек? Яғни мәселе банктің өз бетінше шешім қабылдауында емес, заңды күшіне енген талапты орындауында. Дегенмен қарапайым клиент үшін мұндай өзгеріс шоттағы ақшаның күтпеген сәтте алынуы мүмкін деген…
Қазақстанда депозит әлі де ақша сақтаудың ең түсінікті әрі кең тараған құралының бірі болып тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Валюта бағамының құбылуы, инфляциялық күтудің күшеюі және пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі аясында банк салымына деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ. Керісінше, нарықта табыс, икем және қолжетімділік үшін күрес күшейіп келеді. Елдегі депозит нарығы негізінен екі бағытқа бөлінеді. Біріншісі белгілі мерзімге ашылатын, табыстылығы жоғарырақ мерзімді салымдар. Екіншісі клиентке ақшасын кез келген сәтте пайдалануға мүмкіндік беретін талап еткенге дейінгі салымдар. Соңғысының икемі мол болғанымен, сыйақысы көбіне мардымсыз, кейде мүлде нөлге жуықтайды. Сондықтан мұндай шот күнделікті есеп айырысуға не уақытша ақша сақтауға ыңғайлы саналады. Мерзімді депозитте қанша ақша…
Қазақстанда 7 триллион теңгені шетелге заңсыз шығаруға қатысы бар банктердің аты-жөні жарияланбайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжілісте өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова күмәнді операцияларға байланысты ірі банктерге жүргізілген тексерулердің жай-жапсарын баяндады. «Екінші деңгейлі ірі банктерге инспекциялық тексеру жүргізілді. Кейбір банктер бойынша тексеру аяқталды, енді бірінде жалғасып жатыр», – деді агенттік басшысы. Әбілқасымова нақты құқық бұзушылықтар анықталғанын растаса да, тексерудің қорытындысы мен банктердің атауларын жариялаудан бас тартты. «Тексеру нәтижесінде белгілі бір заң бұзушылықтар анықталды. Бірақ реттеуші талаптарына сәйкес, банк атауы мен нақты бұзушылықтар туралы ақпарат жария етілмейді», – деді ол. Агенттік төрайымының айтуынша, қазір қадағалау жоспары бекітіліп,…
Астанадағы қайғылы өрттен кейін Мәжіліс депутаттары арнайы техниканың жолын бөгейтін жүргізушілердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олардың пайымынша, аула ішіндегі ретсіз көлік қою жай ғана тәртіп бұзу емес, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін факторға айналып барады. Депутат Самат Нұртаза болған жайтты бір-бірімен жалғасқан себептер тізбегі ретінде бағалады. Оның сөзінше, мұндай сәттер кей жағдайда адам өліміне жанама түрде әсер ететін ауыр салдарға ұласады. Ол негізгі себеп өрт екенін, ал көлік соған қосылған жанама кедергіге айналғанын айтты. Парламент өкілінің пікірінше, мәселе тек құқықтық баға берумен шектелмеуі керек. Әңгіме әр жүргізушінің жеке жауапкершілігі мен қоғамдық сана деңгейіне тіреліп тұр. Сарым не…
16–18 сәуір аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада қар аралас жауын күтілсе, Алматы мен Шымкентте нөсер мен найзағайлы күндер алда тұр. Астанада 16 сәуір күні ауыспалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Аздаған жауын-шашын жауып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Жел екпіні секундына 14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 2–4 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 2–4 градус жылы болады. 17 сәуірде елордада жауын-шашын тоқтайды. Дегенмен түнгі мезгілде көктайғақ болуы ықтимал. Жел 5–10 метр шамасында соғады. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы деңгейінде сақталады. 18 сәуірде Астанада аспан шайдай ашылып кетпесе…
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мектеп бітіру кеші мен банкет төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пайымынша, мектеп мұндай шараның ұйымдастырушысы болмауы керек, ал қоштасу кеші барынша жинақы әрі қауіпсіз форматта өткені жөн. Талқылауға Оқу-ағарту министрлігінің банкеттер мен даңғаза шараларға жол берілмейтіні жөніндегі мәлімдемесі түрткі болған. Қоғам ішінде пікір екіге жарылды. Бір тарап аттестат табысталғаннан кейін түлек енді мектеп оқушысы саналмайды, сондықтан мерекені қалай өткізу керегін отбасы өзі шешуі тиіс деп санайды. Мектеп басқарған кезеңін еске алған Ирина Смирнова банкетті бітіру кешінің міндетті бөлігіне айналдыруға бұрыннан қарсы болғанын айтты. Оның сөзінше, мектеп банкет өткізуді емес, мүлде басқа құндылықтарды…
Депутат Мұрат Әбенов жүргізушілерді алкогольдік масаң күйге тексеру тәртібін қатаң сынға алып, осы салада азаматтардың құқығы жиі бұзылатынын ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, негізгі мәселе алкоголь мөлшерінің шекті деңгейінде ғана емес, сондай-ақ қолданылатын құрылғылардың сапасында, тексеру процедурасының ашық еместігінде және кәсіби медициналық мамандардың жетіспеуінде жатыр. «Адамдарға нақты ақпарат берілмейді. Қандай құрылғы қолданылады, оның сертификаты бар ма, жоқ па ешкім білмейді. Тексеру нәтижесі мен сертификат нөмірін көрсетпейді. Азаматтардың құқығын бұзу дәл осы жерден басталады», – деді Әбенов журналистер сұрағына жауап бере отырып. Депутат Қазақстанда осы уақытқа дейін алкогольге қатысты талаптар тым қатаң болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау…










