Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова алғаш рет көпшілік алдына шықты. Ол 2025 жылы болған қайғылы жол апатының мән-жайын толық айтып берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына берген сұхбатында апаттың бұрын беймәлім болып келген тұстарын, сот шешіміне көзқарасын және Шавкатпен ажырасуының себептерін ашық баяндады. Рахмонованың айтуынша, апат күні ол Көкшетауда қазақ тілді балабақша ашу мақсатымен жолға шыққан. Жолсеріктері туған сіңлісі, жақын құрбысы және кішкентай ұлы болған. Қайғылы оқиға Алматыдан 300 шақырымдай жердегі Жамбыл облысы, Ақсүйек ауылының маңында болған. «Көлік аударылғаннан кейін есімді жиып, көзімді ашқанда, балам қасымда жылап жатты. Бірден ұлымның амандығын тексердім.…
Автор: Назым Болатхан
Freedom Bank алдағы кезеңге арналған ауқымды жаңалығын жариялап, клиентке арналған өнім желісін бірден бірнеше бағытта кеңейтетінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Freedom Inside форумында банк зейнеткерге арналған әлеуметтік адалдық бағдарламасын, жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздан басталатын жаңа ипотеканы, қосымша ішіндегі Freedom Lenta платформасын, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған толық циклді сервисті және ерекше дизайндағы карталарды таныстырды. Ең елеулі жаңалық Форумдағы ең елеулі жаңалықтың бірі зейнеткер мен жәрдемақы алатын азаматтарға арналды. Freedom Bank-тегі арнайы шотқа төлем түсетін клиент коммуналдық қызмет, дәрі-дәрмек, азық-түлік, әуе және теміржол билеті үшін жоғары кэшбэк ала алады. Бағдарлама шартына сай, коммуналдық төлем мен дәріханадағы саудаға 10 пайызға дейін қайтарым қарастырылған.…
Премьер Бектенов транзиттік-көлік әлеуетін дамыту бойынша өткен жиында көлік және инфрақұрылым жобаларының баяу жүруін сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиында сөз сөйлеген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2025 жылы ЕАЭО ішкі шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерін жаңғырту бойынша екі нысанның аяқталғанын, тағы 37 бекетте құрылыс жұмыстары 2027 жылға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Премьер-министр жұмыстың қарқыны төмен екенін, қажетті техникалық-операциялық динамиканың жоқтығын ашық айтып, жағдайды тездетіп түзетуді міндеттеді. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов өз баяндамасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жеткенін, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артық екенін атап өтті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында тасымал көлемі…
Қазақстанда педагогтердің пәндік білімін бағалауға бағытталған тестілеу ресми түрде тоқтатылды. Аттестация мұғалімдерді күйзеліске түсіретін формалды сынақ емес, керісінше оларға қолдау көрсететін жүйеге айналуы тиіс деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, шешім ұстаздар қауымының көптеген шағымдары мен қазіргі ахуалды жан-жақты талдаудан кейін қабылданған. «Аттестация мұғалімдерді жазалайтын құралға айналмауы керек. Мұғалімнің күнделікті еңбегін бағалайтын, бірақ денсаулығына зиян келтірмейтін жүйе болуы қажет. Өкінішке қарай, маған тестілеу кезінде қатты күйзеліске түскен мыңдаған мұғалімнен хат келеді. Жеке кездесулерде де педагогтер бұл мәселенің денсаулығына кері әсер ететінін жиі айтады», – деді Жұлдыз Сүлейменова. Министрдің пікірінше, заманауи мұғалім балалардың психологиясы тез өзгеретін жағдайда…
Қазақстанда биометриялық сәйкестендірудің жаңа ережелері енгізіліп, банктер мен қаржы ұйымдарының жұмысы түбегейлі өзгереді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа талаптар 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Олар барлық банктерге, соның ішінде шетелдік банктерге, микроқаржы ұйымдары мен төлем қызметтеріне міндетті болады. Жаңашылдықтың басты ерекшелігі клиенттерді сәйкестендіру үшін бет-әлпеттің суретімен қатар, енді алақан ізі де қолданылады. Тексеру кезінде суреттегі сәйкестік 95%-дан асса, клиент автоматты түрде ұлттық биометриялық базаға тіркеледі. Жүйе қалай жұмыс істейді? Клиенттің бет-бейнесі банктің деректер алмасу орталығындағы эталондық суретпен салыстырылады. Эталонды суреттер Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесінің негізінде жасалады. Жүйе тексеріс кезінде суреттің шынайы адамға тиесілі екеніне көз жеткізуі тиіс. Сонымен қатар,…
Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгерістер енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған. Министрлік мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен…
Жексенбі күні әр белгіге әртүрлі көңіл-күй сыйлайды. Біреу рухани үйлесімді сезінсе, енді біреулерде мазасыздық пен өзгеріске деген құлшыныс басым болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Тоқтыға бүгін бірнәрсе жетіспей тұратындай сезіледі. Сырттай қарағанда бәрі өз ретімен жүріп жатқанымен, жан дүниеңіз ерекше, тосын жағдайды іздейді. Қалағаныңызды таба алмасаңыз, өзіңіз бастама көтеріп, қызықты нәрсені жүзеге асыруыңызға болады. Бірақ шектен шықпаған жөн. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақ бұл күні пайдалы істі қолға алғысы келіп тұрады. Үй ішін де тарту ықтималдығы жоғары. Ең оңтайлысы – үйдегі жиһаздардың орнын ауыстыру немесе тазалық жұмыстары. Торпақтың осы бастамасы бүгін отбасы мүшелерінің…
Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанның үш мегаполисінде күн ашық әрі жылы болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада күн аздап бұлттанады, күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 4,5 метр шамасында. Алматыда аспан ашық, күндізгі уақытта сынап бағаны +19 градусқа жетсе, түнде ауа салқындап, +9 градусқа төмендейді. Жел жылдамдығы – 3,0 м/с. Шымкентте күн бұлтсыз әрі жайлы, күндізгі уақытта +24 градусқа дейін жылы болады. Түнгі температура +11 градус шамасында сақталады. Жел екпіні секундына 2,7 метрді құрайды. Айта кетелік, бұған дейін сәуірдің соңына дейін төленуі тиіс салық туралы мәлімет берген болатынбыз.
Қашаған кенішінің операторы North Caspian Operating Company (NCOC) қоршаған ортаға келтірген зияны үшін Қазақстанға 2,3 трлн теңге төлемей, уақыт созып, халықаралық арбитраждың шешімін күтуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай болжамды Energy Monitor телеграм-каналында мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов жариялады. Жақында Жоғарғы сот NCOC компаниясының апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, істі Атырау облысының Экология департаментіне жолдаған болатын. Енді аталған мекеме күкіртті сақтау ережесін бұзғаны үшін NCOC компаниясына 2,3 трлн теңге айыппұл салуы тиіс. Алайда, сарапшының пайымынша, компания жергілікті сотқа қайта шағым түсіріп, процесті әдейі созуы мүмкін. «NCOC жергілікті соттағы процесті созып, Вашингтондағы халықаралық арбитраждың шешімін күтуді көздеп отырған сияқты. Өйткені, халықаралық трибуналдың шешімі…
Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы мемлекеттік реттеуден шыққанымен, ел күткен бағаның күрт қымбаттауы байқалмады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов 1 сәуірден бастап нарықтық жағдайда жұмыс істей бастаған жанармай бағасы тұрақты қалып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаркешов қазіргі таңда елде бензин мен дизель тапшылығы жоқ екенін, нарықтың толыққанды қалыптасқанын айтты. «Қазір нарық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде реттелуде. Елде бензиннің де, дизель отынының да қоры жеткілікті әрқайсысы 600 мың тоннадан асады. Сондықтан бағаның күрт көтерілуіне еш негіз жоқ», – деді вице-министр. Сондай-ақ, ол бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жағдайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ өңірлердегі арнайы штабтар мұқият бақылап отырғанын…










