Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

реформа қазақстан

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа тек саяси жүйені жаңартумен шектелмей, елдің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі ресурс ретінде адам капиталына ерекше көңіл бөледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Diplomatic World Institute жобаларының директоры Альберто Туркстра «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстелде осындай пікір білдірді. Аталған шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) ұйымдастырды. Халықаралық сарапшының айтуынша, ұсынылған конституциялық реформа – мемлекеттік басқару мен құқық жүйесін кешенді түрде жаңартуды көздеген бастама. Жоба елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерді толық қамтып, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне жол ашады. «Реформаның…

Толық оқу
хаменова

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атырау қаласының №2 соты 16 наурыз күні пробация қызметінің өтінішін қарады. Осыдан үш жыл бұрын Хаменованың жазасын өтеу мерзімі кішкентай баласының болуына байланысты 10 наурыз 2026 жылға дейін кейінге шегерілген еді. Соттың хабарлауынша осы кезеңде Бақытгүл Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындаған. Аталған жағдайларды ескеріп, сот пробация қызметінің өтінішін қанағаттандырды. Хаменованың өтелмеген жазасы 7 жылдық бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, пробациялық бақылау мерзімі сол күйінде сақталды. Контекст Бұған дейін, 2022 жылдың 15 қарашасында дәл осы сот Бақытгүл Хаменованы Атырауда Абай…

Толық оқу
кальян алматы

Қазақстанда кальянды қоғамдық орындарда қолдануға қойылған қатаң тыйым қайта қаралуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдегі антитемекі белсенділері мұндай шешімге түбегейлі қарсы шығып отыр. Олар жаңа ережелер шиша-барлар мен арнайы бөлмелердің жаппай ашылуына жол ашады деп санайды. «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясының мәлімдеуінше, заңдағы өзгеріс кез келген кафе не ресторанның оңай жолмен кальян клубына айналуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы мәртебе алынып, 500 АЕК мөлшерінде алым төлеу жеткілікті болмақ. Депутат не дейді? Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков қазіргі заңнаманың нақты жұмыс істемей, кальян нарығының көлеңкеге кеткенін айтты. Депутаттың пікірінше, қазіргі тыйым формалды түрде ғана сақталып отыр, ал кальян әлі де қоғамдық…

Толық оқу
Банк жүйесіне қатысты жаңа заң

Қазақстанда несие алаяқтығына қарсы жасалған арнайы механизм «Стоп-кредит» қызметін 5 миллионнан астам адам пайдаланып үлгерді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бірінші несие бюросының» дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда 5,1 млн азамат өз атына несие рәсімдеуге алдын ала тыйым салған. Осы арқылы банктік және микроқаржылық ұйымдардың рұқсатсыз займ беруін тоқтатуға болады. «Стоп-кредит» – мемлекеттік қызмет, ол eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Бір ерекшелігі, қойылған тыйымды тек азаматтың өзі ғана алып тастай алады. Қызметтің басты артықшылығы салдармен күреспей, алаяқтықты алдын ала болдырмауында. Яғни, адамның атынан заңсыз рәсімделген несие үшін жауаптасудың орнына, ондай несиенің берілуін мүлде шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет қосылғаннан кейін… Ақпарат несие…

Толық оқу
Air Astana ұшағы

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда әуе қатынасы күшейеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 16-29 наурыз аралығында Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары жолаушылар сұранысы жоғары бағыттарда 146 қосымша рейсті іске қосады. Алматы–Астана бағытындағы рейстер саны бірден 80-ге артады. Қосымша әуе қатынасы Алматы, Астана, Ақтаудан Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Өскемен және Орал бағыттарына да жоспарланған. SCAT әуе компаниясы да мереке күндері рейстерін көбейтеді. 19-21 наурыз күндері Алматы–Астана бағытында бес, Шымкент–Ақтау бағытында бір қосымша рейс аттанады. Ал 23-26 наурыз аралығында Алматы–Астана бағытына тағы төрт, бұған қоса Шымкент–Астана және Ақтау–Астана бағыттарына бір-бірден қосымша рейс орындалады. Жалпы алғанда, мерекелік күндерде Қазақстан бойынша шамамен 160…

Толық оқу
салык

Республикалық бюджеттің негізгі кіріс көзі корпоративтік табыс салығы (КТС), қосылған құн салығы (ҚҚС) және пайдалы қазбаларды өндіру салығының төлеу тәртібі мен мерзімі түсіндірілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Корпоративтік табыс салығы (КТС) аванстық төлем жасайтын салық төлеушілерден әр айдың 25-інен кешіктірілмей алынуы тиіс. Бұдан бөлек, 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында 2025 жылдың қорытындысы бойынша қосымша КТС түсімдері де күтілуде. Ал аванстық төлем жасамайтын салық төлеушілер 2026 жылға тиесілі КТС-ті 2027 жылдың 10 сәуіріне дейін төлейді. Сондай-ақ, бюджетке резидент емес компаниялардан түсетін КТС төлемдері тұрақты негізде жүзеге асырылады. Қазақстан аумағында жүзеге асырылған операциялар бойынша қосылған құн салығының (ҚҚС) төлем мерзімдері былайша белгіленген: 25 ақпан…

Толық оқу
доллар бағамы

Қазақстанда доллар бағамы соңғы бір жарым жылдағы ең төмен деңгейге қайта оралды. Ұлттық банк 17 наурыз күні АҚШ валютасының ресми бағамын 486,2 теңге деп белгіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Алдыңғы күнмен салыстырғанда доллар 5 теңгеден астам арзандады. Сарапшылардың мәліметінше, мұндай көрсеткіш соңғы рет 2024 жылдың қазан айының соңында тіркелген. Наурыз айында теңгенің нығаю үрдісі айқын байқалды. Ай басынан бері ұлттық валюта 2,3 пайызға қымбаттаса, жыл басынан бергі өсім 3,8 пайызға жеткен. Сарапшылар бұл жағдайды әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай жеткізілімдері шектеліп, баға көтерілген. АҚШ пен Израильдің Иран инфрақұрылымына жасаған соққыларынан кейін Ормуз бұғазындағы тасымал…

Толық оқу
ақылы жолдар

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем тәртібін жеңілдететін жаңа ережелерді бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақылы жол қалай төленеді? Енді жүргізушілер ақылы жолмен өткен күннен бастап бір ай ішінде ешқандай айыппұлсыз төлем жасай алады. Бұған дейін жеті күн ішінде ақысы төленбесе, сегізінші күннен бастап материалдар бірден көліктік бақылау органдарына жолданып, әкімшілік жауапқа тартылатын. Жаңа тәртіп бойынша, жеке тұлға жол ақысын 30 күн ішінде төлемесе ғана, 31-күні құжаттар құзырлы органдарға жіберіледі. Сонымен қатар, жаңа ереже жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізеді. Заңды тұлғалар жол ақысын есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлеуі тиіс. Уақытында төленбеген жағдайда келесі күні материалдар көліктік бақылауға…

Толық оқу
жан байжанбаев

Алматыда балалар киносына қатысты ірі жанжал шықты. Жарнамаға түскен актерлер жобаға қатысы жоқ екенін мәлімдеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжелідегі жарнамадан кейін жүздеген ата-ана балаларын «ерекше киножобаға» кастингке әкелген. Жобаны ұйымдастырушылар кино түсіріп, премьераны лимузинмен, қызыл кілеммен атап өтуге уәде еткен. Балалардың басым бөлігі бірден басты рөлдерге өтіп, ұйымдастырушылар қатысу ақысына 1,5 миллион теңге сұраған. «Қызымның арманын орындау үшін несие алуға мәжбүр болдық», – дейді жобаға қатысушы баланың анасы Юлия Мазепина КТК-ға берген сұхбатында. Жалпы зардап шеккендер саны төрт мыңнан асып, келген шығын көлемі 6 миллиард теңгеге жеткен. Ата-аналар ақшаны қайтару үшін Алматыдағы компания кеңсесіне барған, алайда ол жабық болып шықты.…

Толық оқу
рахат тұрлыханов

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Криминалды Қазақстан» арнасының құқық қорғау органындағы дереккөзі мәлімдегендей, оқиға 15 наурыз күні болған. Қазір күдікті Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Айта кетейік, Рахат бұған дейін де бірнеше мәрте осындай әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулік қамауда отырып шыққан еді. Кейін Рахат Тұрлыханов пен әйелі видеомәлімдеме жасап, «екеуінің арасында бәрі жақсы екенін» айтқан. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр. Бұған дейін… Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат та осындай әрекеттерімен ел назарына іліккен. Ол 2023 жылдың ақпан…

Толық оқу