Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

жаңа конституция

Президент Тоқаев ел астанасындағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 учаскеде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дауыс беру рәсімінен кейін Мемлекет басшысы қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. «Баршаңызды бүгінгі тарихи күнмен құттықтаймын. Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін аса маңызды тарихи құжат. Жаңа Конституция еліміздің аумақтық тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін нығайтады. 1995 жылы қабылданған Конституция өз міндетін абыроймен атқарды. Еліміз сол құжат бойынша 35 жыл өмір сүрді, бірақ уақыт талабы өзгерді. Сондықтан жаңа Конституцияны қабылдау сәті туды. Мен де оның дайындалуына белсене қатысып, Конституция преамбуласының және басқа да бірқатар нормаларының тұжырымдамаларын жеке ұсындым.…

Толық оқу
аида балаева дауыс беру

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумға қатысты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Аида Балаева жаңа Конституцияны қабылдау елдің дамуындағы маңызды қадам екенін айтты. «Әр халық, әр мемлекет өзінің даму жолын іздейді. Қазақстан да сол жолдан өтіп келеді. Халықтық Конституцияны қабылдау – әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды қалыптастырудың кепілі. Қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасайтынына сенемін», – деді Балаева. Сондай-ақ министр референдум күні азаматтардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, халықтың таңертеңнен бастап дауыс беруге қатысуы Қазақстанда ашық қоғамның қалыптасқанын, саяси мәдениеттің өскенін және…

Толық оқу
тимур турлов

Freedom Holding-тің негізін қалаушы әрі мажоритарлық иесі Тимур Турлов Алматыдағы Офицерлер үйінің базасында жаңа технологиялық алаң – Defense Tech Hub жобасын іске қосқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы бизнесмен Facebook парақшасында жазды. «2023 жылы, бәлкім одан сәл ертерек, біз Алматыдағы Офицерлер үйін қайта жөндеуге кірістік. Ғимараттың тарихи әрі сәулеттік маңызы зор. Уақыт өте келе тозған бұл нысанға күрделі жөндеу қажет еді. Алдымен шатыр мен жертөле толық жөндеуден өтіп, жылу жүйесі жаңартылды», – деп жазды Тимур Турлов. Кейін ішкі жөндеу жұмыстары қызған тұста нысанды ары қарай дамыту туралы ой туындаған. «Ғимаратты қалпына келтірумен шектелгіміз келмеді. Қорғаныс министрлігі үшін пайда әкелетін,…

Толық оқу
көпбалалы отбасылар

2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 114 млрд теңге жұмсалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеп. Министрлік дерегіне сүйенсек, осы аралықта барлығы 876,8 мың адам жәрдемақымен қамтылған. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 629 мың отбасы алып, оған 99,4 млрд теңге бөлінген. Ал түрлі марапат алған аналарға жалпы сомасы 14,6 млрд теңгені құрайтын жәрдемақы 247,8 мың адамға берілген. Ал ақпан айының өзінде ғана осы екі санат бойынша төленген жәрдемақы көлемі 57,5 млрд теңгеге жетті. Қаражат 878,4 мың адамға бөлінді. Оның ішінде 630,6 мың көпбалалы отбасы 50,2 млрд теңге, ал марапатталған…

Толық оқу
Бас прокуратура

Елімізде жеткізілмеген сәлемдеме туралы жалған хабарлама тарататын алаяқтықтың жаңа толқыны басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алаяқтар жиі қолданатын әдіс? Бас прокуратура жанындағы Қылмыстық қауіп-қатер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы алаяқтардың схемасын жария етті. Алаяқтар тұрғындарға «сіздің сәлемдемеңіз жеткізілмеді» деген жалған хабарлама жібереді. Мұндай хабарлама әдеттегі курьер қызметінің ескертулеріне өте ұқсас. Хабарламада курьердің тапсырысты жеткізе алмағаны айтылып, қайта жеткізу үшін арнайы парақшаға өтуді сұрайды. Бірақ көрсетілген сілтеме логистикалық компаниялардың ресми сайттарына өте ұқсас жалған ресурсқа апарады. «Пайдаланушыға аты-жөні, ЖСН, мекенжайы сияқты жеке деректерін енгізу ұсынылады. Сонымен қатар сәлемдемені қайта жіберу үшін шағын төлем сұрайды. Осы деректер мен төлемді алған соң, қылмыскерлер…

Толық оқу
иранда не болып жатыр

Әлеуметтік желіде «Қытайдың Нострадамусы» деген атпен танымал профессор Цзян Сюэцин АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың қалай аяқталатынын болжады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. YouTube-тағы Predictive History арнасында болжам жасайтын профессордың бүгінде 1,9 миллион оқырманы бар. Цзян бұған дейін де бірнеше маңызды оқиғаны дәл болжаған. Профессордың айтуынша, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс Израильдің мүддесімен тікелей байланысты. Алайда, қандай сценарий болса да, Американың жеңіске жетуі мүмкін емес дейді ол. «Бұл соғыс АҚШ-тың жеңілісімен аяқталады. Сөйтіп, әлемдік тәртіп мәңгілікке өзгереді», – дейді Цзян Сюэцин. Оның пікірінше, Иранның күрделі тау бедері америкалық әскерлердің елді ұзақ мерзімде басып тұруына мүмкіндік бермейді. Бұған дейін… Цзян бұған дейін АҚШ-та 2024…

Толық оқу
арай есенбек

Шымкенттік журналист Арай Есенбек бопсалау бабы бойынша сот алдында жауап береді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін журналисті ұстау сәтінің видеосы интернетте кеңінен таратылған болатын. Бірі үкім күтіп отырса, екіншілері оның кінәсіне күмәнмен қарайды. Әріптестері осы істі Есенбектің батыл кәсіби әрекеті және өткір материалдарымен байланыстырады. Қазір журналистке ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Бопсалау») 3-бөлімі 2-тармағы бойынша айып тағылған. Істі қарауға судья М.З. Әбдірасылов бекітілді. Шымкенттік журналист Сардар Әбдіжақия Facebook парақшасында әріптесін қолдап, арнайы жазба жариялады. Оның пайымынша, қылмыстық іс журналистің кәсіби батылдығы мен өткір сынына жауап болуы ықтимал. «Арайдың батылдығы өзіне жау болды ма, әлде оның өткір сөздері біреудің намысына тиді ме?…

Толық оқу
ауа райы қазақстан

Еліміздің басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, кең аумақты антициклон ықпалымен ауа райы құрғақ әрі жылы болады. Алайда солтүстік пен шығыста атмосфералық фронт әсерінен қар мен жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі байқалмақ. Республика аумағында кей жерлерде тұман түседі. Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін жоғарылайды. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн салқындау – −2 мен +5 градус аралығында болады. Бүгін бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, жел күшейген. Астанада күндіз −1…+1 градус айналасында көктайғақ, Алматыда −2 градус шамасында көшпелі бұлт шыққан. Шымкентте тұман түсіп,…

Толық оқу
тоқаев банктер

Ақордада президент Тоқаевтың төрағалығымен «Digital Qazaqstan» жобасының жүзеге асырылуына арналған жұмыс жиыны өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік органдарға ауқымды міндет жүктелген. Әсіресе, қазақстандық IT-бизнесті қолдап, оны дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет. «Осы бағытта айтарлықтай шаруа атқарылды. Astana Hub базасында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалды, отандық IT-қызмет экспортының көлемі бір миллиард долларға жақындады. Мемлекеттік қолдауды экспортқа бағытталған әрі зияткерлік меншік қалыптастыратын жобалар алуы керек», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласында жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді маңызды деп санайды. Оның пікірінше, нақты сектордағы жасанды интеллектіні қолдану елдің технологиялық тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының өзегіне айналмақ.…

Толық оқу
ирандағы қазақтар

Иранда тұратын этникалық қазақтар АҚШ пен Израиль тудырған қақтығыстың қысымына қарамастан Қазақстанға көшуге ықыласты емес деп хабарлайды Ertenmedia.kz Теғранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Жоқардың мәлімдемесіне сүйеніп. 12 наурызда өткен баспасөз мәслихатында елші Жоқардың айтуынша, Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті халықпен етене араласып, елмен тағдырын берік байланыстырған. «Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті қоғамға терең сіңісіп, өздерін ирандықтардан бөліп қарамайды. Тіпті 40 жыл бұрынғы Саддам Хүсейннің агрессиясы тұсында да қазақтар ирандықтармен бірге ел қорғауға шыққан», – дейді елші. Жоқардың сөзіне қарағанда, елшілікке түсетін сауалдардың дені екі ел азаматтарының сапары, іскерлік байланыстар және күнделікті тұрмыс-тіршілік мәселелерімен байланысты. Каспийдегі қауіпсіздік тақырыбына да тоқталған елші Иранға қатысты…

Толық оқу