Автор: Самат Келдібай

Сұлтан Сәрсемалиев Индонезияда ұсталды

Атырау облысында ата-енесін өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның тағы бір суреті жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Суретте қолы кісенделген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қасында отырған әйелі Ақбаян Мұқанғалиева анық көрінеді. Мұқанғалиеваның қолында кісен жоқ. Ерлі-зайыптылардың артында тұрған адамдар Индонезия полициясының қызметкерлері болуы мүмкін. Бұған дейін ерлі-зайыптылар Ломбок аралының Сенару ауылында тұтқындалған еді. Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Арнайы операция 24 ақпанда өткен екен. Қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы И.Команг Виландра күдіктінің Сенару ауылында жүргенін біліп қойып, жедел құрықтау шарасына кіріскен. Құқық қорғаушылар қонақүйге сау етіп кіріп келгенде, Сәрсемәлиев қашуға әрекет қылыпты, алайда алысқа бара алмаған. Еске…

Толық оқу
дина құсайынова

Қазақстанда мүлікті сатудан түскен табысқа салынатын жеке табыс салығының жаңа тәртібі енгізілді. Өзгерістерді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынова түсіндірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бұған дейін азамат пәтерді 20 миллион теңгеге сатып алып, кейін оны 25 миллион теңгеге сатса, айырмадағы 5 миллион теңге мүліктік кіріс, мүлік салығы болып саналатын. Бұл сомадан азамат 10 пайыз салық төлеуге міндеттелетін. Егер азамат салық төлемеуді көздесе, сатып алған мүлікті бір жылдан соң ғана сатуы тиіс еді. Ал жаңа Салық кодексі бойынша осы мерзім екі жылға ұзартылды. «Жаңа Салық кодексі нормалары 2026 жылдан бастап күшіне енгендіктен, екі жылдық мерзім тек 2026 жылы сатып…

Толық оқу
эпштейн мәсімов

Бас прокуратура «Эпштейн файлдарына» қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ақорда кулуарында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Күні кеше Мәжілісте депутат Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасына сауал жолдап, Джеффри Эпштейнмен байланыста болуы мүмкін қазақстандық жоғары лауазымды тұлғаларды тексеруді сұраған. Депутат атышулы Кәрім Мәсімовтің атын атаған еді. «Кәрім Мәсімов Эпштейн жазбаларында кемінде 8 рет аталады. Осыдан-ақ Эпштейн мен Мәсімовтің бір-бірін жеке танитыны анық көрінеді», – деді депутат. Берік Асылов депутаттың сауалынан кейін ведомство осы мәселені мұқият зерттей бастағанын жеткізді. «Әрине, мәселе өте маңызды. Депутат енді ғана сауал жолдады. Бірақ осы бір тақырып қазір әлемдік деңгейде талқыланып…

Толық оқу
Қытайда не болып жатыр

Бейжің билігі елдің басты саяси жиыны қарсаңында бірден 19 жоғары лауазымды шенеунікті заң шығарушы орган Халық өкілдері бүкілқытайлық жиналысының (ХӨБЖ) құрамынан шығарды. Олардың арасында тоғыз әскери басшы бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шенділердің шеттетілгені туралы шешімді ХӨБЖ комитеті ресми түрде жариялаған. Билік шешімнің нақты себебін ашып айтпаған екен. «Дегенмен сарапшылар бұны соңғы апталарда президент Си Цзиньпиннің әскери саладағы ең жақын серігі, жоғары шенді генерал Чжан Юсяның қызметтен алынуымен байланыстырады», дейді осы тұста BBC. Басылымның жазуынша, Сидің билікке келген сәттен бері жүргізген басты саясаты жемқорлықпен күрес. Қытай басшысы сыбайлас жемқорлықты «Коммунистік партияға төнген басты қауіп» деп бірнеше рет мәлімдеген. Дегенмен, сыншылар осынау…

Толық оқу
Айдос Сарым Украина туралы пікір білдірді.

Украина билігі АҚШ Мемдепартаментінен Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуылды тоқтату туралы ресми ескерту алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишинаның мәлім еткеніндей, Уашиңтон тарапынан жолданған үшбу хатта Новороссийск маңындағы КТК теңіз терминалына жасалған шабуыл Қазақстандағы Әміриканың экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретіні нақты көрсетілген. «Елші хаттың толық мазмұнын ашып айтпады, алайда әлгі жағдайды ресми демарш деп бағалап отыр», — деп жазады осы тұста Reuters. Стефанишина Ақ үйдің Киевке жолданған хатында ресейлік энергетика нысандарын қанша төпелесе де өзі білетінін тек Әміриканың экономикалық мүддесімен тікелей байланысты нақты нысандарға соққы бермеу туралы талап қойылғанын жеткізді. Елші сондай-ақ, Украина тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде АҚШ-пен…

Толық оқу
мұғалімдерге қатысты жаңа заң

Мәжіліс депутаттары мұғалім мәртебесін арттыратын заң жобасын талқылауға алды. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне тек оқу процесі кезінде жауап береді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, заң жобасы мұғалімдердің құқығын қорғау мақсатында әзірленген. «Бұдан былай мұғалімдер оқушылардың өмірі мен денсаулығына тек сабақ уақытында жауапты болады. Сабақтан тыс уақытта, кешкі мезгіл мен каникул кезінде бұл жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі», – деді Аймағамбетов. Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес педагогтарды кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тыйым салынады. «Мұғалімдерді артық жүктемеден босату үшін есеп беру құжаттарын қағаз және электронды форматта қатар жүргізуге тыйым салынып, тек бір форматта ғана жүргізу міндеттеледі. Сондай-ақ…

Толық оқу
түркістан қаласы

Түркістан қаласында бес жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз құрылысқа шағымданды. Айтуынша, үйдің шатыры жаңбыр жауған сайын тесіліп, подъездерде электр желілері суға толады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Әр жаңбыр жауған сайын үреймен отырамыз. Шатырдан аққан судан сылақ түсіп, пәтердің қабырғасы көгеріп жатыр. Төбеден аққан суға қарсы шелектер мен легендер қойып отыруға мәжбүрміз», – дейді КТК телеарнасына пікір білдірген тұрғын Жансая Әбдібаева. Тұрғындар үйдің жертөлесі де жиі суға толатынын айтады. Себебі, құбыр жүйесі дұрыс тартылмаған. Бес жыл ішінде құбырлар алты рет ауыстырылғанымен, мәселе шешілмеген. Жертөледен шыққан жағымсыз иіс салдарынан әр екі ай сайын дезинфекция жасалады. Мердігер компанияны…

Толық оқу
павел дуров

Ресей билігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа «терроризмге жәрдемдесті» деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Дуровтың өзі әлгі жағдайды «халқынан қорқатын мемлекеттің шарасыз әрекеті» деп атады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Telegram арнасында пікір білдірген Павел Дуров Кремль күн сайын түрлі сылтаумен ел азаматтарының сөз бостандығы мен жеке деректерінің құпиялығына шабуыл жасап отырғанын жазды. «Мәскеу маған қарсы терроризмге жәрдемдесті деген баппен қылмыстық іс қозғады. Билік күнде жаңа бір сылтау тауып, Telegram-ға шектеу қою арқылы халықтың сөз бостандығы мен жеке өміріне қол сұғуда. Бұл  өз халқынан үрейленетін биліктің аянышты көрінісі», – деді Дуров. Ресейдің ресми органдары Дуровқа қатысты қозғалған қылмыстық істі ФСБ материалдарына…

Толық оқу
Астана ауа райы

Қазақстанда алдағы күндері қатты аяз күтілуде. Елдің кей өңірлерінде түнгі температура -40 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келген арктикалық антициклон әсерінен суық ауа райы орнайды. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде аяз күшейіп, күн қатты суытады. Шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 32-40 градусқа дейін, орталық облыстарда 28-37 градусқа дейін төмендейді. Батыс өңірлерде түнгі уақытта 15-25 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстікте ауа райы біршама жылы болғанымен, мұнда жаңбыр мен қар аралас жауып, көктайғақ пен тұман болады деп болжанған. Ауа райының нашарлауына байланысты елдегі автожолдардың кей учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге жолға шығарда…

Толық оқу
Атырауда жоғалған отбасы

Атырау облысының Жангелдин ауылында егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезияда ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істердің мәліметінше, аса ауыр қылмыс жасаған күдікті арнайы операция барысында Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылынан табылған. Онымен бірге халықаралық іздеуде жүрген әйелі де ұсталған. Әйел адам бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендер санатында болатын. «Тергеу деректері бойынша, күдікті 2025 жылдың қараша айында Атырау облысында ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен материалдық мүдде негізінде алдын ала жоспар құрып, екі адамды әдейі өлтірген. Кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында сүйекті қора-жайдың астына көміп, қан іздерін жойып, марқұмдардың ақшасы мен құнды заттарын иемденген», – делінген полиция хабарламасында. Қазіргі уақытта…

Толық оқу