Автор: Самат Келдібай

қытай көліктері

Биыл елімізде Қытайда құрастырылған жүз мыңға тарта көлік сатылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елдегі автокөлік нарығының беталысын болжаған Orbis Auto компаниясының бас директоры Динара Ысқақов қытайлық брендтердің бұрын соңды болмаған межеге шыққанын айтты. Сарапшының сөзінше, көрші елден келетін көліктердің сапасына қатысты күмән сейіліп, сұраныс жылған жылға артып келеді. «Былтыр Қазақстанда 85 мыңнан астам қытайлық жаңа автокөлік сатылды. Бұл жалпы сауданың 38,4%-ын алды. Биылғы болжамымыз бойынша, қытайлық көліктердің саудасы 98 мың данаға жетіп, нарықтағы үлесі 42%-ға дейін өседі», – деді Ысқақова. Маманның айтуынша, тағы бір маңызды тренд сатып алушылардың салқынқанды шешім қабылдауға көшуі. Көлікті несиеге алу мәмілелерінің үлесі 70 пайыздан асқандықтан, клиенттер көліктің…

Толық оқу
оқушылар каникулы

Қазақстанда мектеп оқушыларының ең ұзақ демалысы жақындап келеді. Оқу-ағарту министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025-2026 оқу жылының кестесі бойынша, үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталып, 10 апта бойы жалғасқан еді. Енді мектеп оқушылары наурыздың 19-ынан бастап 11 күн бойы демалады. Бұл оқу жылындағы ең ұзақ демалыс кезеңі. Оқушылар 30 наурызда қайта сабаққа оралып, төртінші тоқсанға кіріседі. Ол 8 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады. Еске сала кетейік, ақпан айында бірінші сынып оқушылары қосымша демалыс алып, 9-15 ақпан аралығында бір апта тыныққан болатын. Оның алдында біз наурыздағы демалыс күндеріне егжей-тегжейлі тоқталған едік.…

Толық оқу
еттің бағасы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы ет бағасына қатысты пікір білдіріп, елдегі ішкі нарықтың әділ бағасын атады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін фермерлер жоғары экспорттық бағаға ұмтылады. Өндірушілердің есебінше, еттің келісі кем дегенде 10–12 мың теңге болуы тиіс. Алайда қазір нақты экспорттық баға санатына және малдың қоңдылығына қарай 4,5–6 мың теңгені құрайды. «Бүгінгі ішкі нарықтағы тірі салмақтағы баға 1600–1800 теңге аралығында. Баға тіпті біршама төмендеген: бұған дейін 2000 теңгеге дейін жеткен болса, қазір орта есеппен 1700 теңге шамасында», – деді министр. Сапаровтың сөзінше, қазіргі жағдайда ел ішіндегі көтерме ет бағасының әділетті көрсеткіші 3000–4000 теңге деңгейінде болуы…

Толық оқу
ақкенженов лукойл

Еліміздің Энергі министрлігі АҚШ билігіне ресейлік «Лукойлдың» ел аумағындағы активтерін сатып алуға басым құқығы барын ресми түрде хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік Әміриканың Шетелдік активтерді бақылау басқармасына (OFAC) хатты биыл қаңтардың аяғында жолдаған. Ақпаратты сол кезде сала басшысы Ерлан Ақкенженов растаған еді. Министрліктің «Интерфаксқа» берген ресми жауабында үшбу хат хабарламалық сипатта болғандықтан, оған АҚШ тарапынан жауап күтілмейтіні айтылған. Ел заңнамасына, атап айтқанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне сәйкес, Бектенов үкіметі «Лукойлдың» Қазақстандағы үлесін сатып алуда басым құқыққа ие. Министрлік мәміленің нақты шарты туралы әзірге ашық мәлімет бермеді. Алайда активтерді сатып алу ақшалай төлеммен қатар, басқа да төлем түрімен…

Толық оқу
Тоқаев АҚШ сапары

Президент Тоқаевтың АҚШ-қа сапары ірі инвестициялық келісімдермен және стратегиялық әріптестік туралы келіссөздермен аяқталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сапардың басты жаңалығы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен америкалық Mars компаниясы арасында жасалған 180 млн долларлық келісім. Соған сәйкес Алматы облысында үй жануарларына арналған азық өндіретін ірі зауыт салынбақ. Mars кәсіпорынды Орталық Азия және оған көршілес өңірлердің нарығына шығудың стратегиялық базасы ретінде қарастырады. Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан Ashmore Healthcare International, «Самұрық-Қазына Инвест» және Нью-Йорктағы беделді Mount Sinai Health System медициналық орталығымен бірлесіп, халықаралық деңгейдегі клиника құрылысын бастау жөнінде келіссөздер жүргізді. Жоба елдегі медициналық туризм мен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға…

Толық оқу
каспий теңізі

Каспий теңізін зерттеу мен сақтап қалуға Үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер Бектенов қол қойған қаулы бойынша аталған қаражат «Қазақ ғылыми-зерттеу Каспий теңізі институтына» бағытталады. Бөлінген ақша теңіздің қазіргі жай-күйін тереңірек зерттеуге арналған арнайы техникалық құралдарды сатып алуға бағытталады. Сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Зертханалар мамандарға теңіз акваториясында жүйелі түрде бақылау жүргізіп, судың құрамы, климаттың өзгеруі және биологиялық ресурстардың жағдайы туралы жан-жақты әрі нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар институт көрші мемлекеттердегі әріптестерімен байланысты нығайтып, Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми орталықтарының қауымдастығына кіріп үлгерді. Қазір Қазақстанмен бірге Каспий жағалауындағы…

Толық оқу
Ербол Ахметжанов

Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ербол Ахметжанов қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоғары сот кеңесіне сілтеме жасап. Кеңес отырысында Жоғарғы сот төрағасының кадрлық өзгерістер туралы ұсынысы қаралды. Соның нәтижесінде Ербол Ахметжановты Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы лауазымынан босату туралы шешім қабылданды. Ахметжанов Жамбыл облыстық сотын 2020 жылдың ақпанынан бері басқарған еді. Бұған дейін Алматы гарнизонының әскери сотында судья, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың төрағасы және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының басшысы қызметтерін атқарған. Қоғамға Ербол Ахметжанов Владислав Челахтың ісімен танымал. 2012 жылдың желтоқсанында ол «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтірген Челахты өмір…

Толық оқу
шымкент инвестиция

Бектенов үкіметі ірі фармацевтикалық келісімді бекітті. Шымкентте аса маңызды 38 түрлі дәрі-дәрмек шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаны іске асыруға Польшадағы ең бай адамдардың бірі, Forbes рейтингі бойынша екінші орындағы миллиардер Ежи Старактың иелігіндегі Polpharma Santo («Химфарм» АҚ) компаниясы қатысады. Жалпы инвестиция көлемі 39,5 млрд теңге. Қаражаттың бір бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына жұмсалады. Жаңа өндіріс орны онкологиялық, жүрек-қантамыр ауруларын, инфекциялық және созылмалы ауруларды емдейтін препараттар шығаруға маманданбақ. Үкімет осы жоба арқылы Қазақстандағы фармацевтикалық өндірістің отандық үлесін арттырып, дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және инвестиция тартуды көздеп отыр. Өндірістің бірінші кезеңі 2029 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған.…

Толық оқу
мобильді аударымдар

Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың есепшоты туралы мәліметті салық органдарына беруге міндеттеледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) банк құпиясына қатысты жаңа ережелердің аясын нақтылады. Біріншіден, салық органдарының сұранысы бойынша банктер жеке тұлғалардың шоттары, ондағы қаражат қалдығы мен қозғалысы, сондай-ақ кредиттер туралы ақпаратты 10 жұмыс күні ішінде тапсыруға тиіс. Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес, банктер күнтізбелік жыл ішінде POS-терминал арқылы жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның немесе жеке тәжірибемен айналысушы азаматтың есепшотына түскен қаржы туралы деректерді де фискалды органдарға ұсынады. Екіншіден, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қаржы министрлігінің ережесіне сәйкес, банктерге мобильді төлемдер мен POS-терминалдар арқылы түскен қаражат туралы мәліметтерді де…

Толық оқу
шағын бизнес

Қаржы министрлігі микро және шағын бизнес субъектілерінің айыппұлы мен өсімпұлын кешіруге арналған «таза парақ» механизмін іске қосты. Шара кәсіпкерлердің ескі қарызын тазартуға мүмкіндік береді, бірақ негізгі борыш толық төленуі шарт деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Inbusiness-пен сауалдасқан қаржы саласының сарапшысы, Qazaq Expert Club маманы Раушан Ташоинованың айтуынша, бизнес үшін ең маңызды шарт 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтың негізгі сомасын толық өтеу. Өсімпұлдар мен айыппұлдар тек сол шарт орындалған жағдайда ғана кешіріледі. «Кешірімге 2026 жылдың 1 қаңтарында жеке шотта көрсетілген өсімпұл, сондай-ақ сол күннен бастап негізгі қарыз толық төленгенге дейін есептелген өсімпұл жатады. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдары салған әкімшілік айыппұлдар…

Толық оқу