Автор: Самат Келдібай

қазақстан ауа райы

Қазақстанның басым аумағында алдағы күндері ауа райы күрт суытады. Ел аумағына келген циклон солтүстік пен шығыста қарлы боран, оңтүстікте жаңбыр алып келеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің дерегінше, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде ақтүтек боран соғады. Жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Циклонның ізін ала Ресейдің еуропалық бөлігінен суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен алдымен батыста күн ашылып, артынша ауа температурасы бірден төмендей бастайды. Батыста түнгі температура 10-22 градусқа дейін суытса, солтүстікте 17-25 градус аяз болады. Оңтүстікте де күн салқындап, 0-8 градусқа дейін төмендейді. 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында,…

Толық оқу
жекеменшік мектептер

Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талап мемлекеттік стандартпен толық теңестіріледі. Енді қойма мен моншадан мектеп ашып, мемлекеттік бюджеттен қаржы алып отырған кәсіпкерлер қатаң бақыланатын болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еліміздің Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі қызу талқылаулар мен ата-аналардың сауалдарына орай мәлімдеме жасап, жекеменшік білім саласындағы жаңа талаптар туралы нақты ұстанымын айтты. «Министрлік жекеменшік мектептердің жұмысын мемлекеттік мектептердегідей қатаң стандартқа келтіруді көздеп отыр. Енді білім беру мекемелерінің жұмысы толық цифрландырылады. Бұл әр мектептің жұмысы мемлекет үшін ашық әрі заң талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді», – деді министр. Осы шара арқылы заң талаптарына сай келетін мектептердің бірыңғай реестрі қалыптасады. Жекеменшік мектептегі «анархия»…

Толық оқу
референдум конституция

Бас прокуратура алдағы республикалық референдумға байланысты қоғамдық сауалнама жүргізудің нақты ережесін түсіндіріп, ескерту жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2026 жылдың 15 наурызына белгіленген референдумда азаматтарға «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қабылдайсыз ба?» деген нақты сауал қойылады. Прокуратура өкілдері қоғамдық пікірді зерттеу тек Конституциялық заңдармен белгіленген қатаң ережелер шеңберінде жүргізілуі тиіс екенін мәлімдеді. Соған сәйкес, сауалнаманы өткізуге тек Қазақстанда заңды тіркелген, осы салада кемінде бес жыл тәжірибесі бар және Орталық сайлау комиссиясына алдын ала жазбаша хабарлама берген ұйымдар ғана құқылы. Сауалнама нәтижелерін жариялағанда, тапсырыс берушінің атауы, қаржыландыру көзі, сауалнама уақыты, қойылған сұрақтың нақты мәтіні,…

Толық оқу

Қазақстандағы Burger King желісінің айналасындағы дау басылар емес. Мәселенің түп-төркіні аутизмге шалдыққан қызметкер Әлібек пен компания басшылығының арасындағы кикілжіңнен басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлібектің анасы Жанат Қаратайдың айтуынша, ұлы осы Burger King желісінде төрт жылдан бері табысты жұмыс істеп келген. Алайда басшылық ауысқаннан кейін Әлібекке қысым басталып, қызметінен өз еркімен кетуге мәжбүрлемек болған. Басшылықпен бетпе-бет кездесуден де нәтиже шықпапты. Компания не деп уәж деп айтуда? Бастапқыда компания әлеуметтік желідегі жазбаға жауап беріп, Әлібекті «бұрынғы қызметкер» деп атаған еді. Кейін көпшіліктің наразылығы өршіп кеткен соң, Burger King Kazakhstan Әлібектің әлі де қызметкер екенін және ешқандай жұмыстан босату туралы шешім қабылданбағанын ресми…

Толық оқу
алматы ауа райы

Алматыда ақпан айы ақылға сыймайтын мінез танытып тұр. 2026 жылдың 19 ақпанында қалада ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, бұрынғы метеорологиялық рекорд толығымен жаңартылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала тұрғындары қыс ортасындағы көктемнің күтпеген келуін көшеде серуендеп, кофені сыртта ішіп, жазғы демалыс сезіміндей қарсы алып жатыр. «Қазгидрометтің» дерегінше 19 ақпан күні Алматыдағы метеостанция +22,8 градусты көрсетті. Осы арқылы 2021 жылғы 19 ақпанда тіркелген +16,3 градустық рекорд бірнеше градусқа бір-ақ секірді. Синоптиктердің айтуынша, қалада ауа райының дәл осылайша жылынуы жылы ауа массаларының әсері мен суық фронттардың болмауынан. Мұндай ерекше құбылыс Алматы үшін аномалия деп бағалануда. Өйткені әдетте ақпанның аяғында қалада күндізгі жылылық…

Толық оқу
ақтөбе хром зауыты

Ақтөбе хром қосындылары зауытында (АЗХС) жергілікті мамандар жаппай жұмыстан қысқарып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде жарияланған ашық хатта зауыт қызметкерлері қысқарту мәселесін жаңа басшылықпен байланыстырып отыр. Жұмысшылардың сөзінше, кәсіпорын директоры болып тағайындалған В.И.Гриненко келгеннен кейін тәжірибелі мамандар қысқартуға ұшырай бастаған. Есесіне Ресейден келген жаңа жұмысшыларға есік ашылып, олардың жалақысы жергілікті кадрлардан бірнеше есе жоғары болып бекітілген. «Біздің қызметкерлер қысқарып жатқан тұста, зауыт басшылығы Ресейден келген мамандарды қандай негізге сүйеніп жұмысқа алып отыр? Неге шетелден келген жұмысшылардың айлық жалақысы көп жылдық тәжірибесі бар қазақстандықтардан әлдеқайда жоғары?», – дейді наразылық білдірушілер. «Оңтайландыру» деген сылтау ойлап тапқан Хат авторлары зауыттың жергілікті экономиканың тірегі болғанын,…

Толық оқу
Бектенов мұнай

Бектенов үкіметі инвесторлардың әрекетсіздігіне жауап ретінде Қайран мен Ақтоты кен орнын NCOC акционерлерінен тартып алуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Energy Monitor қорының жетекшісі, сала сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов солай деп отыр. Оның пікірінше, Үкімет ұлттық мүддені қорғау мақсатында аталған кен орындарын акционерлерден кері қайтаруға баруы мүмкін. Себеп? Себеп инвесторлардың Қашаған жобасының өндірісін кеңейтуге қажетті қаржыны құюдан қашқақтауы. Әңгіме «Қашаған-2А» өндірісін кеңейту кезеңі жөнінде болып отыр. Бастапқы жоспар бойынша, 2026 жылы аяқталуға тиіс жоба енді 2031 жылға шегерілген. Мұның соңы 2031 жылға межеленген «2В кезеңіне» де әсер ететіні сөзсіз. Аталған кезеңде өндіріс тәулігіне 89,5 мың тоннаға жетуі керек еді. Қазіргі меже бар…

Толық оқу
Қазақстан бензин бағасының қымбаттауы жөнінен Еуразиялық одақта

Қазақстан бензин бағасының қымбаттауы жөнінен Еуразиялық одақта көш бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, былтыр қаңтар мен желтоқсан аралығында еліміздегі жанармай құны 15,7 пайызға бір-ақ шарықтаған. Қырғызстан да қалыспай, 15,1 пайыздық өсіммен екінші орынға жайғасса, Ресейдегі баға бір жыл ішінде 10,8 пайызға көтерілген. Беларүсте өсім біршама төмен 6,7 пайыз. Ал Әрмения керісінше, бағаны 0,8 пайызға арзандатып, осы тізімнен шеткері қалған. Дизель нарығындағы ахуал да ел асқынып тұр. Бір жылдың ішінде дизель 14,1 пайызға қымбаттап, осы көрсеткіш бойынша да еліміз өзгелерден оза шауыпты. Бізден кейінгі орында Қырғызстан (11,1 пайыз), үшінші Ресей (8,3 пайыз), Беларүс 6,6 пайыз өсім көрсеткен. Әрмения дизель…

Толық оқу
сақтағанов шығыс қазақстан

Шығыс Қазақстанның жастары елдің жаңа Конституциясын қолдап, қоғамдық белсенділік танытуға дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында республикалық жастар форумы өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Біз – жаңа халықтық Конституция үшін» деп аталған ауқымды шара барысында «Көшбасшылар мектебі» жастар жобасының басталғаны да жарияланды. Форумға келген жастар, этномәдени орталық өкілдері мен студенттік ұйымдардың жетекшілері жаңа Конституция елдің бүгінгі және ертеңгі ұрпағына тұрақты даму кепілі болатынын атап өтті. Сақтағанов не дейді? Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа құжаттың мәні мемлекет алдымен адам мүддесін қорғауы тиіс деген қағидада жатқанын айтты. Оның сөзінше, Конституцияға енгізілген жаңалық Қазақстан халқының негізгі құндылықтарын бекітіп,…

Толық оқу
мұғалімдер

Мұғалімдер әлемжеліде пост шығару мен кәсібіне қатысы жоқ имидждік тапсырманы орындаудан ресми түрде бас тартуға құқылы болмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі туралы» заңның 7-бабына тиісті өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Жаңа түзету бойынша мұғалім әлеуметтік желіде аккаунт жүргізуге немесе қандай да бір материал жариялауға міндеттелмейді. «Педагог кәсіби қызметіне қатысы жоқ әрі еңбек шартында (қызметтік нұсқаулықта) көрсетілмеген міндетті мойнына артпауы тиіс. Әлеуметтік желідегі аккаунт жүргізу мен материал жариялаудан, сондай-ақ имидждік және өзге де қосымша тапсырманы орындаудан бас тартуға құқылы», – делінген заң жобасында. Депутаттардың айтуынша, аталған өзгеріс мұғалім құқығын қорғауға қосымша кепілдік береді. Артық тапсырмадан арылған мұғалім уақытының басым…

Толық оқу