Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды. Шешім партияның Астанада өткен алғашқы құрылтайында қабылданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әзірде елордада өткен «Әділет» партиясының құрылтайына Қазақстанның барлық өңірінен 1 мыңға жуық делегат қатысып, партия жұмысын ресми түрде бастап берді. Жиын барысында партияның бағдарламасы мен жарғысы бекітіліп, басшылық құрамы сайланды.
Жаңа саяси ұйымның басты ұстанымдары әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбек және тұрақты даму құндылықтарына негізделген.
Айбек Дәдебай Президент әкімшілігін 2024 жылдың ақпанынан бастап 2026 жылдың 5 мамырына дейін басқарды. Жақында осы қызметке премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Скляр тағайындалған болатын.
Ақордадағы қызметінен бұрын Айбек Дәдебай Президент іс басқарушысы, одан ертеректе басқарушының орынбасары ретінде жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды.
Бүгінгі жиында Дәдебай «партия қарапайым халықтың мәселесіне ерекше мән беріп, мемлекеттік саясатта азаматтық бақылауды күшейтуге ұмтылатынын» жариялады.
Айтқандай, күні кеше депутат Бапи Ақордадағы ауыс-түйіске қатысты «біртүрлі» пікір білдірген еді. Айтуынша, билік дәлізінде соңғы уақытта «кадрлық бизнес» деген ұғым пайда болған. Толығырақ осы тұста.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







