Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің жеті қаласына рейстерін тоқтата тұрмақ, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Әзербайжан әуе желілері» (AZAL) компаниясы Embraer 190 ұшағының апатын алдын ала тергеу нәтижелерін және қауіптерді ескере отырып, Әзербайжанның Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің шешіміне сәйкес 2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап тергеу толық аяқталғанға дейін Бакуден Ресейдің кейбір әуежайларына рейстерді уақытша тоқтатады.
Бұл туралы АПА басылымына Әзербайжан әуе желілері хабарлаған. Сөз мына әуежайларға қатысты болып отыр:
- Минералды Сулар
- Сочи
- Волгоград
- Уфа
- Самара
Айта кетейік, 25 желтоқсанда AZAL Бакуден Грозный мен Махачкалаға ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік мақсатында бұл бағыттар бойынша басқа авиакомпаниялардың да ұшуын тоқтату туралы шешім қабылданды.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.