Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде қабылданды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды. Мұнда ең бірінші Беларусьті ШЫҰ-ға қабылдау мәселесі көтерілді.
«Бүгін Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қабылданды. Александр Григорьевич, сізді шын жүректен құттықтаймын!» – деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары саммитте құжатқа қол қойып, Беларусь Республикасын ресми түрде қабылдады.
Айта кетелік, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылған болатын.

