Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.
Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.
2024 жылғы 13 желтоқсанда Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді.
Айта кетейік, бұған дейін экс-шенеунік жемқорлық дерегі бойынша айыпталғаны хабарланды.
«2024 жылы 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар нәтижелері бойынша мәдениет және спорт экс-вице-министрі Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.
Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өнераралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасауды қолданған. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есеге өсті. Бұл бюджет қаражаты негізсіз жұмсалуына әкеп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынған», — деді Антикор өкілі.
Кейін күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ерлан Қожағапанов Астана әкімінің орынбасары, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болды.
Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Алматы әкімінің бірінші орынбасары болды.