Мәжіліс депутаты, белгілі саясаткер Ермұрат Бапи БАҚ-та өзіне қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Улану — жай ғана болжам. Біздің дәрігерлеріміз мені тексергенде, қаннан паразиттерге дейін барлық анализді тапсырғанда, ештеңе таба алмады. Содан кейін молекулалық-жасушалық тексеру деген мәселе туындады. Улаған болуы мүмкін деген болжам айтылды, (ештеңе- еск.) табылған жоқ.
Осылайша, қалай емдеу керек деген сұрақ та туындады. Біз жасушаны тексеру үшін клиникада тексерілуді шештік, сондықтан диагностикаға барғалы жатырмын. Әзірге емделу үшін емес, алдымен бұл не екенін білу керек. Еуропаға енді барғалы жатырмын. Наурыздан бастап мені осы жайт мазалап жүр», — деді Бапи Tengrinews.kz-ке.
Айта кетейік, Ермұрат Бапи бұған дейін әлеуметтік желіде денсаулығы туралы жазған болатын.
«Ауырып қалған жағдай бар… Диагноз белгісіз… Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді… Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен… Көрерміз… Аман болайық, ағайын!» – деп жазды ол.