Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримова әйелдер колониясынан қоныс-колонияға ауысты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп.
Бұл жөнінде бір-бірінен тәуелсіз бірнеше дереккөзге сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі жазған.
«Гүлнара 5-6 шабаданымен бақытты күйде колониядан кетті. Кетерінде жылдар бойы өзіне жақын болып кеткен сотталушылармен құшақтасып қоштасты. Оны қылмыстық жазаны атқару басқармасынан келгендер мен колония бастығы Гүлрух Каримова шығарып салды» деді әйелдер колониясының аты-жөнін атамаған қызметкері Азаттыққа.
Оның сөзінше, былтыр 19 желтоқсанда аудандық сот Каримованың жазасын жұмсарту туралы шешім шығарған.
Өзбекстан ішкі істер министрлігі де, жазаны атқару департаменті де, омбудсмен де ресми түрде ақпаратты растаған жоқ, бірақ терістемеген де.