Алатау қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау күні бір отбасы үшін қос қуанышпен есте қалды. Екінші сәбиін күтіп жүрген Елдар Оспан мен Айшагүл Жананұр алдымен сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаса, кейін жақындарымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған гендер-пати өткізді, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Отбасы мүшелері мен жақындары әуелі сайлау учаскесіне бірге барып, дауыс берді. Осыдан кейін барлығы отбасылық мерекеге жиналып, болашақ сәбиге қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті.
Осылайша ел өміріндегі маңызды саяси күн жеке отбасының ерекше сәтімен сабақтасты. Жақындары болашақ сәбиге зор денсаулық, жарқын ғұмыр мен бақытты тағдыр тілеп, ата-анасына амандық пен қуаныш тіледі.
«Бүгін алдымен азаматтық борышымызды орындап, дауыс бердік. Одан кейін отбасымыз үшін маңызды әрі қуанышты сәтті бірге атап өттік. Болашақ сәбиіміздің аман-есен дүниеге келуін тілейміз», – деді Елдар мен Айшагүлдің жақындары.
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы мен сәбидің дүниеге келуін күткен отбасының қуанышы бір күнде тоғысып, жылы естелікке айналды.
Алатаудағы осы көрініс сайлау күнінің тек қоғамдық-саяси оқиғамен шектелмей, адамдардың жеке өміріндегі маңызды сәттермен де астасып жатқанын көрсетті. Отбасы үшін 23 тамыз енді азаматтық таңдау жасалған әрі жаңа өмірді күткен қуанышты күн ретінде есте қалмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







