«Қазақмыс» тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеп.
Шахтада көміртегі газы бөлінген. Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді.
«Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі», — деп жазылған хабарламада.