7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы сақталады. Қызылордада күндіз ауа температурасы +36°C-қа дейін көтерілсе, Атырау, Ақтау және Оралда жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде 3-8 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C шамасында болжанды. Көкшетауда жауын жаумайды, оңтүстіктен 4-9 м/с жел соғып, түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +27…+29°C-қа жетеді. Қонаевта да күн ашық әрі құрғақ болып, түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C көрсетеді, шығыстан 9-14 м/с жел соғады.
Шымкентте көшпелі бұлт сақталып, жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C аралығында болады. Түркістанда түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болжанып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылордада жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталып, шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +34…+36°C болады. Таразда да жауын жаумайды, түнде +11…+13°C, күндіз +30…+32°C болжанып, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады.
Ақтауда түнде жауын-шашын болмайды, ал күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде 7-12 м/с болып, күндіз 15-20 м/с-қа, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C шамасында болады.
Атырауда түнде жауын-шашын күтілмейді, күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болжанды. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с болып, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады.
Жел соғады
Оралда түнде жауын жаумайды, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Күндіз жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +31…+33°C шамасында болжанды.
Қостанайда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C болады. Петропавлда да жауын жаумайды, түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C көрсетіп, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды, солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C шамасында сақталады. Жезқазғанда да күн құрғақ болып, түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C болжанады, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады.
Павлодарда жауын-шашын күтілмейді, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +29…+31°C болады. Семейде көшпелі бұлт шығып, түнде +7…+9°C, күндіз +26…+28°C болжанады, солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с болады.
Өскеменде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +24…+26°C шамасында болжанды. Талдықорғанда да жауын жаумайды, түнде +5…+7°C, күндіз +28…+30°C болып, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







