Мәскеу қалалық соты Қазақстанның екі азаматы Александр Абрам мен Эдуард Бурдиловты темір жолдағы диверсия (РФ Қылмыстық кодексінің 281-бабы 2-бөлігі «а» тармағы) ісі бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жас алашқа сілтеп.
Сот үкімі бойынша, Абрам мен Бурдилов төрт және бес жылын түрмеде, ал қалған жаза мерзімін қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Сот бұл іс бойынша айыпталушыларды бас бостандығынан айырумен қатар, «Ресей темір жолына» 387 мың рубльден астам материалдық шығын төлеуге міндеттеді.
Сот қазақстандықтарға қатысты істің қозғалуына не себеп болғанын айтпады. Абрам мен Бурдилов 2023 жылдың маусымында ұсталған. Істің басқа мәліметтері белгісіз.
Сотталғандардың адвокаттары Mediazona агенттігіне үкімге шағымданатынын мәлімдеген.