«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясын Қытай азаматы басқарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
2024 жылы 2 желтоқсанда ММГ Директорлар кеңесінің шешімімен кезектілік негізінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды.
«Вэн Цзяцзюнь 1978 жылы 19 қыркүйекте ҚХР-да дүниеге келген. Ол И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін («Геология және пайдалы қазбаларды барлау» бағыты бойынша техника және технология магистрі) бітірген», — деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
Еңбек жолын 2005 жылы «CNDOC» компаниясының өндірістік-техникалық бөлім инженері болып бастаған. 2005-2024 жж.
«СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ-да еңбек етіп, жетекші супервайзерден компания президентіне дейін көтерілді.
2024 жылдың мамырынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін ММГ бас директорының бірінші орынбасары болды.
Ал «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып Болат Сейтмағанбетов тағайындалды.