Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелден қайтқан сапарында жоғалған жүгінің аман-есен табылғанын айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өнер иесі бұған дейін екі үлкен чемоданының жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Оның айтуынша, жүктің ішінде қомақты қаржыға бағаланатын жеке заттары болған. Атап айтқанда, бренд сөмкелер, аяқкиімдер және әдетте өзімен бірге алып жүретін алтын салынған қорап та сол багаждың ішінде кеткен. Әнші сол сәттегі көңіл күйін жасырмай, біраз уайымдағанын жазған.
Алайда арада екі күн өткен соң жақсы хабар жеткен. Мөлдір Әуелбекованың айтуынша, жоғалған екі чемодан Бангкоктан табылып, Алматыға жеткізілген. Ең бастысы, ішіндегі заттардың ешқайсысы жоғалмаған.
Әнші мұны үлкен жеңілдікпен қабылдағанын айтып, қуаныш үстінде жүктегі кей заттарын таратып бергенін де жеткізді. Ол осы жағдайдан кейін Аллаға шүкіршілік айтып, ішкі алаңын қуаныш алмастырғанын жасырмады.
Осылайша, біраз әбігерге салған жүк мәселесі сәтті аяқталды. Мөлдір Әуелбекова уайымға ұласқан оқиғаның ақыры жақсы шешілгенін айтып, қуанышын көпшілікпен бөлісті.
Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







