Омбыда Кремль көсемімен кездескен президент Тоқаев ресей-украин соғысының тығырыққа тірелген айтып, батыл ұсыныс жасады деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқаев Қазақстанның украин халқына, оның тілі мен мәдениетіне әрдайым үлкен құрметпен қарағанын ашық айтты. Артынша көпшілік дауыстап айтуға батпай жүрген ауыр сауалды алға шығарды.
«Қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде бізге де толық түсінікті емес. Соғыста уақытша тоқтату керек», – деді ол.
Тоқаев осы тұста екі тарапқа да Стамбұлда үзілген келіссөз үстеліне қайта оралуды ұсынды.
Стамбул формуласын қайта тірілту Кремльдің агрессиясын тежеп, текетіресті уақытша болса тоңазытудың, ең бастысы, бейбіт халықтың қанын төгуді тоқтатудың әзіргі жалғыз жолы.
Біздіңше, Тоқаев Омбыда Мәскеудің жанына жағатын сөз айтқан жоқ. Керісінше, Кремльдің соғысты ақтайтын аргументі әлі күнге түсініксіз екенін Путиннің өзіне естіртіп кетті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







