Qarmet кәсіпорнында №8 кокс батареясының отқа төзімді қаландысы басталды және оны іске қосу 2027 жылдың қарашасына жоспарланған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сонымен қатар кәсіпорында қатарлас №9 батареяның да құрылысы жүргізіліп жатыр.
Екі батареяның жиынтық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ коксты құрайды. Кешен жобалық қуатқа жеткен соң, 1960 жылдары салынған №1–4 батареяларды кезең-кезеңімен қолданыстан шығару жоспарланған.
Аталған жоба қытайлық ACRE компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
D.A.R. Metall компаниясымен ынтымақтастық перспективалары
Мемлекет басшысы германиялық D.A.R. Metall AG компаниясының басшысы Кристиан Артнермен кездесті. Онда Қазақстанда металл өңдеу және Qarmet-пен жаңа бірлескен жобалар талқыланды. Компания сондай-ақ Алатауда тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуге қызығушылық білдірді.
D.A.R. Metall қайталама шикізаттан алюминий түйіршіктері мен отқа төзімді материалдар өндіреді, сондай-ақ металлургия саласына жабдықтар мен технологиялық шешімдер жеткізеді. Атап айтқанда, компания алюминий мен пластиктен жасалған материалдарды қайта балқытусыз, механикалық бөлу әдісі арқылы өңдейді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







