Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы көз жұмды. Бұл туралы әнші Мақпал Жүнісова айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті, иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен баурына қайғырып көңіл айтамын», — деді ол.
Алматы Полиция департаменті өкілі бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
«Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп жазылған хабарламада.