Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстанда ең жоғарғы ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге) болған.
БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Шетелмен сауда жеңілдейді: Қазақстанға IFC-дің кепілдік бағдарламасы келдіSofreh Capital негізін қалаушы Қазақстанда компания кеңселерін ашпақАмерикалық инвестор Шервин Пишевар Қазақстанның ЖИ нарығына қаржы салмақ«Қазір қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Кейінгі 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», – деп жазылған хабарламада.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







