Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетаудағы ЖЭО-ны неге ресейлік компания салатынын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Әкімнің сөзінше, ЖЭО салынатын жер анықталған.
«Жеткізушіні таңдау мәселесінде таңдау ресейлік компанияға түсті. Оны Үкімет 7 пайыз көлемінде субсидиялайды. 20 жылға 7 пайыз субсидия ұсынатын басқа компания жоқ. Сонымен қатар, бұл компанияның зор технологиялық тәжірибесі бар. Келісім жасалды. Жазда ЖЭО құрылысының белсенді кезеңі басталады», — деді Ахметжанов.
Жуырда Ресей Қазақстанда жылу электр орталықтарын салатыны белгілі болды. Мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Келісім шеңберінде Көкшетау (болжалды қуаты 248 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында көмір өндіру негізінде ЖЭС салу жоспарланып отыр.