Қырғызстандық жанкүйерлер Қазақстандағы тағы бір спорт шарасынан кейін наразылық білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
1bol.kz мәліметінше, қырғызстандық спортшы Айнуска Калилқызы Қазақстанда жүгіруден өткен халықаралық жарыста бірінші орыннан айрылып қалды.
«29 қыркүйек күні өткен дәстүрлі Almaty marathon-да Калилкызы 21,1 шақырымдық межені 1 сағат 14 минут 27 секундта бағындырып, үздік шықты. Алайда мәре сызығынан соң қырғызстандық спортшының есімі хаттамадан жоғалып кеткен», — деп жазылған мәліметте.
Дереккөздер мәліметінше, Калилкызы велосипедшінің қолынан су алғаны үшін дисквалификацияланған. Себебі жарыс ережесі бойынша су мен тамақты тек арнайы орындардан алу керек.
Әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері өз реніштерін жазып жатыр.