ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы ұсталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Кейінгі 3,5 жылда Антикор 65 жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңге болады.
Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу дерегі анықталды.
«2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының м.у.а. әшкереленді.
Ақша автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді», — деп жазылған хабарламада.
Лауазымды тұлға мен компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.