Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей, Украина, Қазақстан азаматтарына халықаралық іздеу жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
- Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
- Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
- Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
- Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.
«Оларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңге», — деп жазылған ҚМА хабарламасында.
Агенттік іздеудегі адамдардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, мына телефон нөмірлеріне хабарлауы сұрайды: +7-701-577-56-83 — Іздеу жұмыстары бойынша, +7-701-121-47-65 — Іздеу жұмыстары бойынша, +7-727-279-20-86 — кезекші бөлім.
«Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі», — деп жазылған хабарламада.