«Қорғаста» 488 миллион теңгенің алтынын беліне жасырған алматылық қолға түстіАвтор Асылхан Бөрібай16.11.2026 ∣ 14:23 Алматы қаласының тұрғыны «Қорғас» орталығы арқылы Қытайға құны жарты миллиард теңгеге жуық алтынды жасырын алып өтпек болған жерінде ұсталды. Салмағы 6 келіге жуық бағалы металл сот үкімімен толықтай мемлекет кірісіне тәркіленді.