Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» компаниясында тау жыныстары опырылып, жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
«Алтыналмастағы» төтенше жағдай туралы 18 қыркүйекте белгілі болған. Бүгін жұмысшының тірі қалмағаны туралы хабарланды. Ер адам қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь болған, жерасты тау-кен жұмыстарында қаза тапқан.
«Алтыналмас» акционерлерінің құрамында бизнесмен Владимир Жұманбаев және Нидерландыда тіркелген Gouden Reserves B. V компаниясы бар.
Владимир Жұманбаев Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімінде 25-ші орында.
Ол биыл жазда Қырғызстандағы «Бауырластар шеңбері» қылмыстық тобына қатысы бар ұйымды қаржыландырды деген күдікке ілінген. Олигархқа халықаралық іздеу жарияланғанымен кейін тоқтатылды.