Президент Тоқаев Болат Ақшолақовты Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындады. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа бүгін қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақшолақовтың еңбек жолы мұнай-газ және энергетика саласымен тығыз байланысты. Ол 2019 жылға дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Кейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болды.
2022–2023 жылдары Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарған. Министрліктен кеткеннен кейін Президент кеңесшісі болып, 2025 жылға дейін Ақордада еңбек етті.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Серік Шәпкенов бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылған еді. Ол мұнайлы өңірді 2022 жылғы сәуірден бері басқарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







