Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әділет министрін тағайындады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Ерлан Сәрсембаев бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болды. Ал оған дейін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін әділет министрі қызметін Азамат Есқараев атқарды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 қаңтарда Есқараевты министр қызметінен босатты.