Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары арасындағы ауытқушылыққа жол бермес үшін шек қоюды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ақпаратты Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратты. Мәліметке сүйенсек:
- АҚШ доллары 7 теңгеден аспауы керек;
- Еуро 10 теңгеден аспауы керек.
«Бұл өзгеріс валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайту; қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін ескеріп, оларды сейілту үшін енгізілмек», — деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк мәліметінше, бұл шектеудің қолма-қол ақшасыз операцияларға қатысы жоқ.