Заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Интерпол ұлттық орталық бюросы мен Активтерді қайтару жөніндегі комитет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.
«Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді», — деді ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.