Қазақстанда банктер мен қаржы ұйымдары клиенттермен байланыс жасаудың жаңа тәртібіне көшеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2026 жылдың 12 шілдесінен бастап барлық банктер мен қаржылық мекемелер клиенттермен қарым-қатынас жасау үшін тек ел ішіндегі серверлерде орналасқан электрондық пошта қызметін қолдануға міндетті болады.
Жаңа талаптарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) енгізіп отыр. Агенттіктің шешімі бойынша, банктер мен қаржы ұйымдары клиенттермен ресми байланыс үшін қолданылатын электронды пошта мекенжайларын жариялауы тиіс. Сондай-ақ, клиенттерге енді осы ресми мекенжайлар арқылы ғана хабарласу керектігі туралы міндетті түрде хабарланады.
Бұл өзгеріс клиент пен банк арасындағы коммуникацияны ресми, қауіпсіз әрі бақыланатын арнаға көшіруді көздейді. Электрондық пошта байланысы бұдан былай бейресми емес, керісінше құқықтық салмағы бар байланыс құралына айналады.
Жаңа тәртіп қаржы нарығындағы цифрлық қызметтер көрсететін барлық ұйымдарға қатысты болады.
Бұған дейін елімізде кейбір банктерге инвестициялық қызметпен айналысуға шектеу қойылған болатын. Осы өзгерістер қаржы нарығының ашықтығын арттырып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуге бағытталған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







