Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол елдің болашағын айқындауда әр азаматтың жауапты қатысуы маңызды екенін атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаслан Мәдиев сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі ретінде бағалады. Оның айтуынша, мемлекет дамуының бағыты қоғамдық-саяси үдерістерге азаматтардың белсенді араласуымен тікелей байланысты.
Министр әрбір сайлаушының дауысы ортақ шешімнің бір бөлігі екенін атап өтті. Сондықтан ол азаматтарды өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмауға үндеді.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗЖастарға үлгі болған қадам: Run club мүшелері азаматтық белсенділік танытты«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушыҚазақстан жаңа стандарт қалыптастырып отыр: Армениядан келген халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысын жоғары бағалады
Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Жаслан Мәдиевтің дауыс беруі мемлекеттік қызметшілердің де азамат ретінде өз конституциялық құқығын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға қатысып жатқанын көрсетті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







