Алматының Жетісу ауданындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Аудандағы өнеркәсіп ұжымдарының ұйымдасқан түрде дауыс беруге келуі азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Жетісу ауданы Алматыдағы ірі индустриалды аймақтардың бірі саналады. Мұнда 572 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласында еңбек ететін азаматтар қаланың экономикалық өмірімен қатар қоғамдық-саяси процестеріне де тұрақты араласып келеді.
Көпжылдық дәстүрді жалғастыра отырып, «Асфальтобетон-1» ЖШС және «Карина» ЖШС қызметкерлері сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді. Кәсіпорын ұжымдары өз азаматтық ұстанымын білдіріп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.
Өндірістік кәсіпорын қызметкерлерінің белсенділігі сайлау күніндегі еңбек ұжымдарының қоғамдық өмірге қатысуын көрсетті. Әр жұмысшы өз таңдауын жеке жасап, азаматтық құқығын пайдаланды.
Жетісу ауданындағы мұндай көрініс өнеркәсіп саласының өкілдері үшін елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу тек формалды міндетпен шектелмейтінін аңғартады. Еңбек ұжымдарының сайлау учаскелеріне келуі қоғамдағы жауапкершілік, бірлік және ел болашағына бейжай қарамау ұстанымымен сабақтасты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







