Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі шегерілді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оңжақ иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлаймын», — деп жазды Жанқош Тұраров.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.