Владимир Путин баспасөз конференциясында қазіргі жағдайда қалай Ресей өсім көрсетіп отырғанын айтты. Бұл туралы ресейлік басылымдар жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Модератор, ВГТРК журналисі Александра Суворова «қазір әлем ақылынан адасып жатқандай сезім бар» екенін айтты. Оның сөзінше, әлемнің барлық нүктесіндегі қақтығыс шегіне жетіп тұр, әлемдік экономика да күрделі жағдайда.
«Ресейге қалайша өз орнын сақтап қана қоймай, әрі қарай өсуін жалғастыруға мүмкіндік туып отыр?», – деп сұрады Суворова.
«Білесіз бе, бізде барлығы тыныш, тұрақты, бірқалыпты болғанда – ішіміз пысады, тоқыраймыз. Бір қозғалыс керек сияқты. Ал қозғалыс басталған сәтте, бәрі басталады», – деп жауап берді Путин.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!