Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
ІІМ мәліметінше, биыл қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалған.
Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір дерегі анықталыпты. Сондай-ақ, бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.
Бұл істер бойынша тергеу нысанында Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар.
«100-ден аса адам жауапкершілікке тартылып жатыр. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.