Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың қызы Алау үлкен кино жобасына түсуге шақырту алғанын анасы мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алау арманына қарай алғашқы қадамдарын жасап, кино әлеміне қадам басуды маңызды тәжірибе ретінде қабылдайды. Анасының айтуынша, қызы алғашқы түсірілімге жауапкершілікпен қарап, қобалжып жүр.
– Оның бұл толқуы жауапкершіліктің белгісі деп ойлаймын. Ең маңыздысы, Алау кәсіби мамандардың ортасында болып, олардан қолдау көріп, кеңес алатыны қуантады, – деп атап өтті Жұлдыз Әбдукәрімова.
Айта кетейік, Алау Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы. Ол көпшілік алдына жиі шығып, ата-анасының жанында түрлі іс-шараларға қатысып тұрады.
Білесіз бе, Астанада Tinder желісінде өзін қыз ретінде таныстырып, ер адамнан миллиондаған теңге жымқырған жігіт сотталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

