Әлемді бір рет бағындырған Иманбек тағы да тыңдарманын таңғалдырмақ. Осы жолы талантты қазақстандық музыкант әйгілі «Многоточие» тобының хитіне ремикс жасап, көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Кезінде тұтас буынның гимніне айналған трекке жаңа өмір сыйлаған Иманбек, әннің философиялық тереңдігін сақтай отырып, өзінің заманауи қолтаңбасын қосқан. Талғампаз электронды әуен, қуатты бит және жаңа аранжировка түпнұсқаға деген ерекше құрметті айқын көрсетеді. Иманбектің кәсіби шеберлігі мен музыкалық талғамының тағы бір дәлелі.
Әлеуметтік желілерде ремикске қатысты пікірлер өте қызу әрі позитивті. Жастар ностальгиялық сезім мен заманауи музыканың керемет үйлесімін ерекше атап өтуде.
«Иманбек тағы да өз деңгейін көрсетті. Ескі трекке жаңа леп беріп, музыкалық шеберліктің нағыз үлгісін танытты», – дейді тыңдармандар.
Жаңа ремикс Иманбектің музыкалық карьерасындағы жаңа белес қана емес, бүкіл әлем тыңдармандарын тағы да таңғалдырудың алғышарты деуге болады. Бұған дейін Грэмми сыйлығын жеңіп, әлемдік сахнада Қазақстанның атын асқақтатқан музыкант өзінің шығармашылық ізденістерін жалғастыра беретіні сөзсіз.
Еске сала кетейік, Иманбектің жетістіктері музыкамен ғана шектелмейді. 22 қаңтарда қазақстандық барабаншы Париждегі сән апталығында дебют жасап, көпшілікті таңдандырған болатын. Осылайша, Иманбек тағы бір мәрте өзінің әмбебап талант иесі екенін дәлелдеді.
Қазақстандық музыканттың жаңа туындылары мен батыл жобаларын әлем асыға күтеді!
Айтпақшы, әлемжеліде танымал әнші Маржан Арапбаева отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болды деген ақпарат желдей есіп жүр. Өнер иесінің күйеуі әншіні аяусыз соққыға жыққан көрінеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

