Қазақ моделі Гүлсезім Алтайбекова Бали аралынан елге оралды. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында.
Алтайбекова жанашырлық танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтқан.
Контекст
Бұған дейін Индонезия соты қазақ моделін ресейлік блогер Карина Фадееваның соққыға жыққаны үшін төрт аптаға қамауға алып, өтемақы төлеуге міндеттеді деген ақпарат тараған-ды. Артынша іске ресей пропагандасы араласып, Фадееваның бас сүйегі мен ернінің жырылғанын, қатты қан кеткенін және есту қабілетінің нашарлағанын жазған.
Балидегі клубтардың бірінде болған жанжал кезінде тараптар бір-біріне қарама-қайшы мәлімдеме жасаған. Клуб басшылығы өз кезегінде төбелесті ресейлік блогердің құрбылары бастады деп мәлімдеген еді.
Кейіннен бірқатар БАҚ оқиғаның саяси астары бар деген мәлімет таратқан.
Қазақ қызы украинаның әнін тыңдағаны үшін ресейлік блогерден ескерту естіген. Алтайбекова оған «Слава Украине!» деп жауап беріп, соңы төбелеске ұласыпты.
Жерлесінің Бали аралында екі айға қамауға алынғанын естіген қазақтілді қауым оған жәрдем беруге ұмтылған еді. Қазір модель Қазақстанға оралып, жағдайдың толық шешілгенін жария етті. Гүлсезім көпшілікке арнаған жазбасын қазақша және украин тілінде жолдаған екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

