Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Украиналық адвокат Евгений Прониннің айтуынша, СБУ Сабыровқа қатысты істі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеп, оның әрекеттерін тексеруге кіріскен. Тергеуге Сабыровтың Украина заңнамасына қайшы келетін әрекетке қатысы болуы мүмкін деген күдік себеп болған.
Еске салсақ, Нұрлан Сабыров 2022 жылдың сәуір айында украиналық тарап «экстремистік» деп бағалайтын «Миротворец» сайтының қара тізіміне енген еді.
Сол кезден бері қазақстандық комиктің аты Украинада дау тудырып келеді. Қазір Сабыровтың нақты қандай бап бойынша күдікке ілінгені белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.
Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра» жасақтарына 10 мотоцикл сыйлаған сәті тарап кеткен еді. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рубль аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

