2025 жылғы 17 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жаңадан құрылған облыс үшін жаңа үміттің, жаңа дәуірдің басы еді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақтың «ел ағасыз болмайды» деген сөзі өңір басшысының жұмысындағы негізгі ұстанымға айналды. Қызметіне кіріскен бойда әкім алдымен ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, батасын алды. Бірлікті ту еткен қазақ дәстүрінің ажырамас бөлігі десек болады
Жаңа әкімнің алғашқы сынағы қысқы жылу мәселесі болды. Семей қаласындағы жылу орталықтары мен қазандықтар шұғыл тексеріліп, күрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде халық жылусыз қалмады. Осы әрекет «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығының іс жүзіндегі айқын дәлелі.
Берік Уәли қызметін облыстың ең шалғай ауылдарынан бастады. Абай ауданынан бастап, Емелтау, Баршатас, Байқошқар, Ақшоқы, Алғабас, Үштөбе, Қоянбай ауылдарына дейін арнайы барып, халықтың мұң-мұқтажын көзбе-көз көрді. Облыс басшысы кейбір аудандарға жыл ішінде 10-15 ретке дейін сапарлады. Тіпті Тарбағатайдың арғы жағындағы Малтүгел ауылының да тұрмыс-тіршілігі назардан тыс қалмады. Бұл кабинеттен емес, ел ішінен басқару стилінің нақты көрінісі еді.
Семей қаласы облыстың даму жүрегіне айналды. Апта сайын арнайы кеңестер өтіп, қаланың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы жеке бақылауға алынды. Smart City цифрлық жобасы іске қосылып, қала көшелері, көпірлер мен айналма жолдар толық жөндеуден өтті. Ұзаққа созылған «Қалбатау – Майқапшағай» тас жолының құрылысы қысқа мерзімде аяқталды.
Облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Туған жерге туыңды тік» атты форум өтті. Онда 15 меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде бес жұлдызды PANA қонақ үйі мен Tary & Sandyq мейрамханалар желісі ашылып, өндірістік аймақта чиптер мен электр жабдықтарын шығаратын зауыт, Шақаман ауылында ет комбинатының құрылысы басталды.
Инвестициялық кеңес құрылып, 100-ден астам инвестормен кездесу өтті. Қытай, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен іскерлік байланыстар жолға қойылды. Қытайдың Алтай аймағында өткен «Үлкен Алтай» конференциясында жалпы сомасы 1 миллиард 568 миллион АҚШ долларын құрайтын меморандумға қол жеткізілді.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде жүйелі дайындықтың арқасында бірде-бір апатты жағдай орын алмады. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мыңдаған тонна қоқыс шығарылып, экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейіне қол жеткізілді.
Ауылдарда медициналық амбулаториялар мен пункттер саны артты. Спорт саласында ауылдық округтерде жаңа спорт кешендері бой көтеріп, Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды.
Білім беру саласында «Келешек мектебі» жобасы іске қосылып, жаңа мектептер пайдалануға берілді. Апатты жағдайдағы білім мекемелері күрделі жөндеуден өтті.
Түйін
Ұлы Абайдың 180 жылдығы ерекше ауқыммен, 10 күндік мереке ретінде аталып өтті. 180 киіз үй тігіліп, «Жеті қазына» республикалық фестивалінде алғаш рет тоғызқұмалақтан автокөлік бас жүлдеге тігілді. Бұл – Абай рухын жаңғыртудың, ұлттық құндылықты дәріптеудің жарқын үлгісі еді.
Бір жыл ішінде облыс республикалық деңгейде меншікті кірістің өсу қарқыны бойынша екінші орынға көтерілді. Бұл нәтиже – сөз емес, нақты істің айқын көрінісі.
Абай облысының дамуы сөзбен емес, нақты жұмыстармен дәлелденуде. Әкімдік жұмысындағы жүйелілік, ашықтық пен жауапкершілік аймақты жаңа деңгейге көтеруде. Берік Уәлидің басшылығындағы өңірдің қарқынды дамуы жалғасуда.
Абай облысында коммуналдық қызметтер мен жол тазалау мекемелері елді мекендер мен автокөлік жолдарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

