Абай облысы әкімі Берік Уәли «Amanat» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жеке қабылдауға облыстық басқарма басшылары, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев және «Отбасы банкінің» жергілікті филиалының өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар негізінен баспана алу, жолдарды жөндеу, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық көлік қызметін жақсарту секілді әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Аймақ басшысы әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндірді. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар беріп, тұрғындар көтерген әр мәселенің өз бақылауында болатынын атап өтті.
Абай облысында коммуналдық қызметтер мен жол тазалау мекемелері елді мекендер мен автокөлік жолдарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







