Президент Тоқаев елдегі стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін барынша нығайтуды тапсырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент тапсырмасы Үкімет басшысына, құқық қорғау органдарының жетекшілеріне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысына, ұлттық компаниялардың төрағалары мен барлық өңір әкімдеріне жолданған.
Мемлекет басшысы өмірлік маңызды инфрақұрылым, соның ішінде әуежайлар, теңіз және өзен порттары, энергетикалық және коммуналдық нысандардың қорғаныс деңгейін көтеруге ерекше назар аударуды міндеттеді.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров міндеттердің орындалуын үйлестіру мен бақылау Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелгенін мәлімдеді.
Осылайша, еліміздің басты стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында билік барлық қажетті шараларды қабылдамақ.
Бұл ма, бұл бекер емес. Соңғы күндері Таяу Шығыстағы жанжал ушығып тұр. Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгені белгілі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







