Өзбекстанның халық әртісі Фаррух Закиров Кеңес заманында тәртіпке қарсы шыққан санаулы өнер иелерінің бірі болды. Ол «Ялла» тобы арқылы ол өзбек тіліндегі әндерді тек Өзбекстанда емес, бүкіл Кеңес Одағы кеңістігінде танымал етті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ең бастысы ол өз тілінен бас тартқан жоқ. Керісінше, тыңдарманды өзбекше ән тыңдауға үйретті.
Фаррух Закировтың айтуынша, өнер тек сахнамен шектелмейді. Ол ұлттың дауысы. Егер сол дауыс өз тілінде шықпаса, онда оның салмағы да әлсірейді. Сондықтан ол қай сахнада жүрсе де, өзбек тілінен айнымаған.
Бүгінде оны 9 мемлекет «Халық әртісі» деп таныды. Бұл жай ғана марапат емес, мәдени ықпалдың көрсеткіші. Бірақ мұндай жол оңай болған жоқ. Оның шығармашылық жолында қысым да, «қара тізімдер» де болды. Соған қарамастан, ол бағытын өзгерткен жоқ.
Осы тұста заңды сұрақ туады: Қазақстанда дәл осындай ұстанымдағы өнерпаздар болды ма? Кеңес кезеңінде қазақ әншілерінің басым бөлігі үлкен сахнаға шығу үшін орыс тілінде ән айтуға бейімделді. Бұл – уақыттың талабы болды деген уәж бар. Бірақ дәл сол кезеңде Закиров өз тілін сақтап қала алды. Демек, мәселе тек жүйеде емес, таңдау мен ұстанымда да жатыр.
Фаррух Закировтың тәжірибесі бір нәрсені көрсетеді, ұлттық тіл – өнердегі басты артықшылық. Ол өзбек тілін халықаралық деңгейге шығарды. Тыңдарманды өзгертті. Сахнаның талабына емес, сахнаның өзін өзгертті.
Ал Қазақстанда ұлттық музыканың кеңестік кезеңдегі дамуында белгілі бір жетістіктер болғанымен, тіл мәселесінде батыл қадамдар сирек көрінді. Қазақ тіліндегі әндер көбіне жергілікті деңгейде қалып, үлкен одақтық аудиторияға толық шыға алмады.
Өз тілінде сөйлеу, өз мәдениетін насихаттау, соны өнер арқылы жеткізу – нағыз адамның азаматтығына да сын. Ал бізде Әлібек Дінішвтер өмір бойы орыс тілінде ән салды.
Бүгінгі таңда жағдай өзгерді. Қазақ тіліндегі әндер кең таралып, жаңа буын өз тілінде еркін ән айтып жүр. Бірақ өткен кезеңге қарасақ, ұлттық мәдениетті сахна арқылы қорғау әрқашан оңай болмаған. Сондықтан Фаррух Закировтың жолы жеке өнерпаздың жетістігі ғана емес, тұтас ұлттың мәдени стратегиясының көрінісі.
Арман Шораевтың айтуынша, ұлттық киімді тек бір күндік сән немесе мерекелік атрибут ретінде қарастыру, оның шынайы мәнін тарылтып жібереді. Оның пікірінше, ұлттық киім тарихи мұра ғана емес, қазіргі заманға бейімделген өмір салтының бір бөлігі болуы тиіс.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







