Астанада Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Жаңару күні ерекше мазмұнмен өтті. Есіл ауданындағы №2 көпсалалы қалалық ауруханада дүниеге келген сәбилерге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту және экологиялық мәдениетті өмірдің алғашқы сәтінен бастап қалыптастыру. Жаңа туған нәрестелер мен олардың ата-аналарына арнайы құттықтау хаттар табысталды.
Бұл хаттардың ерекшелігі әр отбасыға QR-код ұсынылуында. Сол код арқылы сәбидің дүниеге келуіне орай отырғызылатын атаулы ағаштың нақты орналасқан жерін көруге болады. Осылайша, әрбір бала туған сәттен бастап табиғатпен байланысқан символдық бастаманың бір бөлігіне айналады.
Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы бұл бастаманың маңызын атап өтті.
– Әр бала жаңа өмірдің бастауы. Сол өмірді табиғатпен ұштастыру арқылы біз ұрпақтар сабақтастығын күшейтеміз. Атаулы ағаш болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі, – деді ол.
Сонымен қатар сәбилерге «цифрлық бесік» табысталды. Бұл – мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияның үйлесімін көрсететін символдық сыйлық.
«Жаңа өмір – жаңа ағаш» бастамасы шараға ерекше мән берді. Сәбидің дүниеге келуі мен ағаш отырғызу дәстүрінің байланысы әр отбасының болашаққа қосқан үлесін айқындады.
Бұл бастама тек бір реттік акция емес. Ол – экологиялық жауапкершілікті қалыптастырудың, табиғатқа жанашырлық танытудың және ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың нақты көрінісі.
Астрономдар ғаламдағы ең ірі әрі жарық жұлдыздардың өмірі туралы жаңа мәліметтерге қол жеткізді. Мұндай алып жұлдыздар рок-жұлдыздар секілді жарқырап туады, қысқа әрі ғаламат өмір сүріп, ерте сөнеді екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







